Импорттауға арналған файлды дайындау
Импорттауды бастау үшін, біріншіден бастапқы файлдарды xls (Microsoft Excel 97-2003) немесе xlsx (Microsoft Excel 2007-2014) форматында, оқушылардың, ата-аналардың және қызметкерлердің ақпаратын енгізу қажет. Бір файлда келесі ақпарат болуы тиіс:
- тек қана қызметкерлердің деректері;
- тек қана бір сынып оқушыларының деректері;
- тек қана бір сынып оқушыларының ата-аналарының деректері;
- тек қана бір сынып оқушылары мен ата-аналарының деректері (бір файлда).
Оқушылардың деректерін импорттау кезінде құжаттың бірінші парағының бағандарында мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс: Аты-жөні, жынысы, туған күні (әкесінің есімі - өрісі міндетті түрде толтыруы тиісті емес).
Ескерту: «Мектепке келу күні» бағанында оқушының білім беру ұйымына келген нақты күнін енгізу қажет. «Сыныпқа келу күні» бағанында ағымдағы оқу жылын көрсету қажет, өйткені жыл сайын оқушы кіші сыныптан жоғары сыныпқа көшіріледі.
«Мектепке келу күні» және «Сыныпқа келу күні» бағандары файлда толтыру міндетті емес. Егер осы бағандар файлда болмаса, онда Жүйе импорт қатысушыларының деректерін толтыруға арналған бір ортақ бағандарды шығарады.
Ескертулер:
- бағандардың атауын енгізу міндетті емес;
- импорт қатысушыларының Аты-жөнін бір бағанда толтыруға болады (бір пробел арқылы);
- егер кейбір қатысушылардың қос тегі, аты немесе әкесінің аты кездессе, онда файлда деректерді бөлек бағандарға енгізу міндетті.
Импорттауға арналған файлдардың үлгі-мысалдары осы мақаланың төменгі бөлігінде бекітілген.
Импорттау
Қызметкерлердің деректерін импорттау бірінші кезекте бастау керек. Әрі қарай оқушылардың деректерін импорттауға болады. Ата-аналардың деректерін импорттау тек қана оқушылардың деректерін енгізгеннен кейін ғана қосу қажет (немесе бір уақытта ата-аналар және оқушылардың деректерін енгізуге болады).
Импортты бастау үшін «Әкімшілік ету» бөліміне кіріп, «Адамдар» блогында «Импорттау» тармағына басу қажет.
Қадам 1. Деректер көзі
Импорттауды бастаған кезде, Жүйе импорттың нақты түрін енгізуді сұрайды:
Әрі қарай, «Выберите файл» батырмасына басу арқылы алдын-ала дайындалған файлды таңдап, файлдың бірінші жолы қандай ақпараттан тұратындығын көрсету қажет: қызметкерлердің деректері немесе бағандардың атауын.
Ашылған бетте білім беру ұйымының қатысушының рөлі файлға енгізілген рөліне сәйкес болу қажет: қызметкерлер, оқушылар, ата-аналар немесе оқушылар мен ата-аналар
Қадам 2. Баптаулар
Ашылған бетте білім беру ұйымының қатысушының рөлі файлға енгізілген рөліне сәйкес болу қажет - «Мектеп қызметкерлері».
Әрі қарай жүйеде және файлда бағандар арасындағы сәйкестікті орнату керек:
Барлық ақпаратты енгізгеннен кейін «Әрі қарай» батырмасын басу.
Қадам 3. Деректерді тексеру
Алдын-ала тексеру нәтижелері, импортқа арналған файлдың деректердің дұрыстығын, оған қоса қайта енгізуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер деректерді тексеру кезінде қате анықталса, тиісті хабарлама пайда болады. Хабарламаның мәтінімен танысқаннан кейін жіберілген қателерді түзетіп, импортты қайтадан бастау керек. Егер тексеру сәтті болса, «Импорттау» батырмасын басу керек.
Қадам 4. Импорттау
Жүйе импорттаудың нәтижелері бар парақшаны ашады. Импорттауды қайта жасау қажет болған жағдайда «Жаңа импорт» батырмасы арқылы бастауға болады.
Импортты бастау үшін «Әкімшілік ету» бөліміне кіріп, «Адамдар» блогында «Импорттау» тармағына басу қажет.
Қадам 1. Деректер көзі
Импорттауды бастаған кезде, Жүйе импорттың нақты түрін енгізуді сұрайды:
Әрі қарай, «Выберите файл» батырмасына басу арқылы алдын-ала дайындалған файлды таңдап, файлдың бірінші жолы қандай ақпараттан тұратындығын көрсету қажет: оқушылардың деректері немесе бағандардың атауын.
Қадам 2. Баптаулар
Ашылған бетте келесі деректерді көрсету қажет:
- рөль - «Оқушылар»;
- оқу жылын;
- сыныпты.
Егер бұл ақпарат импортталатын файлда көрсетілмесе, оқушыларды импорттау кезінде қоса келесі ақпаратты көрсету қажет болады:
- мектепке және сыныпқа келі күні;
- сынып коды.
Әрі қарай бағандарды сәйкестендіру қажет:
Барлық ақпаратты енгізгеннен кейін «Әрі қарай» батырмасын басу.
Қадам 3. Деректерді тексеру
Алдын-ала тексеру нәтижелері, импортқа арналған файлдың деректердің дұрыстығын, оған қоса қайта енгізуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер деректерді тексеру кезінде қате анықталса, тиісті хабарлама пайда болады. Хабарламаның мәтінімен танысқаннан кейін жіберілген қателерді түзетіп, импортты қайтадан бастау керек. Егер тексеру сәтті болса, «Импорттау» батырмасын басу керек.
Қадам 4. Импорттау
Жүйе импорттаудың нәтижелері бар парақшаны ашады. Импорттауды қайта жасау қажет болған жағдайда «Жаңа импорт» батырмасы арқылы бастауға болады.
Импортты бастау үшін «Әкімшілік ету» бөліміне кіріп, «Адамдар» блогында «Импорттау» тармағына басу қажет. Жүйедегі ата-аналардың импорты оқушылардың импортынан айтарлықтай ерекшеленбейді.
Қадам 1. Деректер көзі
Импорттауды бастаған кезде, Жүйе импорттың нақты түрін енгізуді сұрайды:
Әрі қарай, «Выберите файл» батырмасына басу арқылы алдын-ала дайындалған файлды таңдап, файлдың бірінші жолы қандай ақпараттан тұратындығын көрсету қажет: оқушылардың деректері немесе бағандардың атауын.
Қадам 2. Баптаулар
Ашылған бетте келесі деректерді көрсету қажет:
- рөль - «Ата-аналар»;
- оқу жылын;
- сыныпты.
Әрі қарай бағандарды сәйкестендіру қажет:
После внесения всех данных необходимо нажать кнопку «Далее».
Қадам 3. Деректерді тексеру
Алдын-ала тексеру нәтижелері, импортқа арналған файлдың деректердің дұрыстығын, оған қоса қайта енгізуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Ата-аналардың деректерін енгізген кезде «ата-ана» - «оқушы» байланысын орнату қажет: Ата-ананың аты-жөніне қарама-қарсы «Бала» батырмасын басып, баланың аты-жөнін енгізу қажет.
Егер деректерді тексеру барысында қателер анықталса, жүйе тиісті хабарлама жібереді. Егер деректерді тексеру сәтті аяқталса, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет.
Ескерту: егер файлға бір бала үшін екі ата-ана енгізілген болса, импорттау барысында оқушының екі парақшасы ашылады, және оқушының әр парақшасына бір ата-ана қосылады.
Егер ата-анада бірнеше бала болса, онда сол ата-ананы екінші балаға импорт жасаған кезде жүйе «Бұл пайдаланушы жүйеде бұрыннан бар» қатесін шығарады. Егер ата-ана жүйеде қызметкер ретінде тіркелген болса да, сондай қате шығады. Мұндай жағдайда бағанның жанында «Импорттамау» параметірін таңдау қажет, осылайша ата-ананы импорттан шығарып, қалған пайдаланушылардың импортын жалғастыру қажет.
Барлық жағдайларда, туысқан парақшасын өңдеу, жою және Жүйеде пайдаланушылардың арасындағы туыстық қатынасты белгілеу, оқушының парақшасын өңдеу барысында жасалады.
Қадам 4. Импорттау
Жүйе импорттаудың нәтижелері бар парақшаны ашады. Импорттауды қайта жасау қажет болған жағдайда «Жаңа импорт» батырмасы арқылы бастауға болады.
Ата-аналардың деректерін импорттау келесі жағдайларда тыйым салынады:
- ата-ана жүйеде қызметкер ретінде қосылған және оның деректері бұрыннан енгізілген;
- ата-ана жобада басқа білім беру мекемесінде қызметкер ретінде тіркелген;
- ата-анада бір немесе бірнеше білім беру мекемесінде бірнеше балалары бар.
Егер ата-ана деректерінің орнында Жүйеге атасы/әжесі, өгей әкесі/өгей шеше, қорғаншылардың (оқушылардың заңды өкілдері) қосылатын болса, онда оқушы мен оның заңды өкілімен бірге импорттау қажет.
Comments
Please sign in to leave a comment.