Әкімшілік құқықтар тек қана жобада пайдаланушы ретінде тіркелген қызметкерлерге беріледі.
Жаңа әкімшіні тағайындау үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына басу;
- іздеу жолын пайдаланып, құқықтар тағайындайтын қызметкерді табу;
- аты-жөніне қарама-қарсы тұратын «қарындаш» белгішесіне басып, қызметкердің жеке деректерін өңдеу парақшасына өту;
- «Әкімшілік ету» блогында «Жеке деректер» қойындысында беттің оң жақ төменгі бұрышында қызметкерге қажетті құқықтарды құс белгісімен белгілеу;
- «Сақтау» батырмасына басу.
Ескерту: қызметкерге әкімші құқықтарын тек әкімші және «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редактор бере алады.
Егер қызметкер мектептің жалғыз қызметкері болса және оған әкімшілік құқықтарынан айырылу қажет жағдайда, басқа қызметкерге әкімші құқықтарын беріп, оған келесі қадамдарды жасау қажет:
- жаңа әкімшіні тағайындау (жоғарыда көрсетілгендей);
- жаңа әкімші өз парақшасынан кіріп, жеке деректерді өңдеу парақшасына өтіп, «Әкімші» деген құс белгісін бұрынғы әкімшінің парақшасынан алып тастау қажет.
Comments
Article is closed for comments.