Жүйеде жаңа тұлғаны құру келесі пайданушыларға қолжетімді:
- «Адамдар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор;
- әкімші.
Жаңа тұлғаны жасау үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Адамдар» блогындағы «Жаңа адам» пунктіне басу;
- «Жаңа тұлға» өрісін таңдау;
- «Әрі қарай» батырмасына басу қажет.
- қажетті деректерді енгізіп «Әрі қарай» батырмасына басып;
- енгізілген ақпаратты тексергеннен кейін «Жасау» батырмасына басу қажет.
Ескерту: толтыруға арналған міндетті өрістер қалың қаріппен белгіленген.
Жаңа пайдаланушының деректерін енгізгеннен кейін жүйеде автоматты түрде тіркелуден өту үшін
пайдаланатын бірегей пайдаланушы аты және бірінші кіру үшін уақытша құпиясөз
жасалады.
Маңызды-1! Егер оқушы Білім Беру Мекемесінде бұрын тіркелген болса, онда оған жаңа парақша жасаудың қажеті жоқ, оқушыны тек «Мұрағаттан» қалпына келтіру қажет.
Толығырақ: Мұрағатқа ауыстырылған пайдаланушыны қалай қалпына келтіруге болады?
Маңызды-2! Егер бірдей деректері бар жеке парақша бұрыннан бар болса, жүйеде жаңа парақшаны жасау мүмкіндігі болмайды, яғни пайдаланушы бұрын басқа мектепке тіркелген болса. Бұл өзгерістер жүйеде жеке парақшалардың қайталануын болдырмау үшін жасалды.
Жүйеде парақшасы бар пайдаланушыны қалай қосу қажет?
Егер пайдаланушының күнделікте парақшасы бар болса, оған жаңа парақшаны жасау міндетті
емес. ББМ әкімшісіне жүйедегі бар пайдаланушының парақшасын қосу жеткілікті. Бұрыннан бар пайдаланушының парақшасын қосу үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Адамдар» блогындағы «Жаңа адам» пунктіне басып, қосу әдісін – «Жүйеде бар пайдаланушы» таңдау;
- «Әрі қарай» батырмасына басу қажет.
- рөлді таңдау және қажетті деректерді енгізу;
- «Әрі қарай» батырмасына басу.
- енгізілген ақпаратты тексергеннен кейін «Жасау» бастырмасына басу қажет.
Әкімші қосуға сұрау жібергеннен кейін оқушының/қызметкердің жеке парақшасында ұйымға қосылуға шақыру бар екендігі туралы хабарлайтын қалқымалы терезе және жеке парақша параметрлеріне өту үшін сілтеме пайда болады.
«Ұйымға қолжетімділікті қамтамасыз ету» - «Растау» сілтемесін басу арқылы пайдаланушылар шақыруды өздері қабылдайды.
Бұрын жүйеде тіркелген пайдаланушы туралы деректерді енгізгеннен кейін оған пайдаланушы
аты мен уақытша құпиясөз жасалмайды: пайдаланушыда кіру үшін бұрын жасалған деректер
сақталады.
Маңызды! Бұрын тіркелген пайдаланушының жеке деректерін (Т.А.Ә, және пайдаланушы аты) толтыру кезінде жүйеде бастапқы тіркеу кезінде көрсетілген деректерді енгізу қажет.
Егер деректер қате болса, жүйе келесі хабарламаны көрсетеді:
Comments
Please sign in to leave a comment.