Декреттік демалысқа шығуына байланысты мұғалімді жүйеден шығару үшін:
- «Мектеп» -> «Менің мектебім» өтіп, «бұранда кілт» белгісіне басу;
- «Адамдар» блогында «Адамдар тізімі» бөлімін таңдау;
- ашылған бетте «Қазір мектепте» тізіміне өтіп;
- қызметкерді аты-жөні арқылы тауып, «Мектептен шығару» батырмасына басу;
- «Нақты» нұсқасын көрсетіп, мұғалімнің ББМ-дан кеткен күнін көрсету қажет.
Осылайша, мұғалімнің парақшасы «Мұрағатқа» ауыстырылады және ББҰ есептеріне әсер етпейді.
Шығарылғаннан кейін осы мұғалім көрсетілген сыныптар кестесіне тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Ол үшін:
- өзгертулерді талап ететін сынып кестесін ашу;
- ары қарай, «Ағымдағы апта» немесе «Толық кезең бойынша кесте» бөлімінде өңдеу қажет сабақты таңдап, ашылған бетте қарындаш белгісіне басу;
- «Мұғалім» («Кім қатысады») жолында қажетті өзгертулерді енгізіп, сабақты «Белгілемеу (қатені түзету және т.б.)» ретінде белгілеу;
- бұл әрекеттерді мұғалім ауыстырылатын барлық сабақтармен орындау қажет;
- «Сақтау» батырмасына басу қажет.
Егер сабақ кестесінде көп өзгертулер енгізу қажет болса, қажетті апталардан бастап, егер сабақпен ешқандай деректер байланыспаған болса, өңдеуді қажет ететін сабақты кестеден түгелдей өшіріп, кесте сұлбасын түгелдей өңдеп, қайта жариялау қажет.
Назар аударыңыз: кестенің сұлбасы кесте торының бос ұяшықтарына жариялануға тиіс, әйтпесе кестеге енгізілген өзгертулер кестенің торында сақталынбай қалады. Мұқият болыңыз, кестені тазарту рәсімі оның сабақтарымен барлық байланысты мәліметтерін жоюын көздейді: ол - сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, үй тапсырмалар және сабаққа жазылған пікірлер.
Сонымен қатар, мұғалімді жаппай ауыстыру функционалдылығын қолдануға болады. Толығырақ: Мұғалімді жаппай ауыстыру және кестеден сабақтарды жою / болдырмау.
Comments
Please sign in to leave a comment.