Оқушылардың жетістіктерін қалай қосуға болады?

Жетістіктерді білім беру ұйымының келесі қызметкерлері әрбір оқушыға жеке қосады:

  • әкімші;
  • «Адамдар» блогына кіру мүмкіндігі бар редактор;
  • сынып жетекшісі.

Жетістікті жасау нұсқасы

Жетістікті қосу үшін қажет: 

  •  қажетті оқушының Аты-жөнінің үстіне басу және жеке парақшасының өңдеуіне кіру;

  • «Жетістіктер» қойындысына өту ;

  • «Жетістікті қосу» батырмасын басу.

Жетістікке:

  • жетістіктің атауын қосуға;
  • іс - шара түрі мен деңгейін нұсқаулар тізімінен таңдауға;
  • іс - шаралардың нәтижесін бос нұсқада көрсетуге болады.

Ескерту: қосымша, іс - шара өтетін күні мен өткен орнын көрсетуге болады, сонымен қатар алынған құжаттардың тізімін көрсетуге болады.

mceclip16.png

Сыныптағы барлық оқушылардың жетістіктерін сынып парақшасында «Жетістіктер» бөлімінен көруге болады.

Ескерту: сынып парақшасынан жетістіктерді қосуға болмайды.

Жетістіктерді өңдеу

Оқушының жеке парақшасында «Жетістіктер» қойындысындағы ақпаратты өңдеуге болады.

Оқушының жетістіктері туралы ақпаратты өңдеу үшін, нақты жетістікке қарсы «Толығырақ» сілтемесін, содан кейін «Өңдеу» батырмасын басу қажет.

Ескерту: толтырылған ақпарат «оқушының Жеке іс қағазында» шығады.

«Оқушының Жеке іс қағазын» қалай басып шығаруға болатындығы туралы толығырақ мына жерден білуге болады.

Was this article helpful?
6 out of 6 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.