Оқушыны мектептен мерзімінен бұрын қалай шығаруға болады?

Егер мектепте мектепті ерте бітіріп, 9 немесе 11 сыныпты бітіргені туралы аттестат алуға міндетті оқушы болса, мектеп келесі қадамдарды орындауы керек:

  • Мектепте «Шағын мұғалімдер кеңесін» өткізу қажет, онда оқушының оқуын мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды.
  • Қабылданған шешімнің негізінде мектепішілік Бұйрық шығарылады.
  • Оқушыны қорытынды аттестаттаудан өткізу:
    • барлық 3 тоқсанға баға қойылады;
    • емтихандарды өткізіп және олар үшін баға қойылады (максималды баллды көрсетудің қажеті жоқ);
    • орташа арифметикалық әдіспен жылдық бағалауды шығару керек. Мысалы: жылдық = (үш тоқсан үшін 4 + 5 + 5) / 3 = 4,6 ~ 5 (ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу);
    • қорытынды бағаны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №125 Бұйрығына сәйкес формула арқылы қолмен есептеу қажет:
78. 9 (10) және 11 (12) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30:70 арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.
  • Оқушының үлгерім табелін құрастырып басып шығару керек.
  • Оқушыға аттестат беріледі, онда жылдық баға көрсетіледі.
  • Оқушы kundelik.kz жүйесінен шығарылады:
    • пайдаланушы парақшасында «Қарап шығу» қойындысына өту;
    • экранның оң жағындағы «Мектептен шығару» сілтемесіне басу;

    • «Нақты» типімен шығару;
    • шығу себебін көрсету (қажет болған жағдайда оқушының шығару бұйрығының күнін, түрін және нөмірін көрсетуге болады);
    • «Білім туралы құжат берілді» тармағында құсбелгісін қойып;

    • аттестат туралы ақпараттың барлығын толтырып;
    • «Әрі қарай» батырмасына басу;
    • «Иә, шығару» батырмасына басу арқылы шығаруды растау қажет.

Мектептен шығарылғаннан кейін оқкшы мектеп Мұрағатына түседі.

Was this article helpful?
2 out of 2 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.