Оқушыны немесе қызметкерді басқа мектептен қалай қосуға болады?

Егер оқушы немесе қызметкер жүйенің пайдаланушысы ретінде тіркелген болса және басқа мектепте болса, онда жүйеде жаңа парақшаны тіркеудің қажеті жоқ. Әкімшіге сол пайдаланушыны Жүйеден тауып мектебіне қосып шықса, жеткілікті.

Ескерту: жүйеге қосуды бастамастан бұрын әкімшіге пайдаланушыдан пайдаланушы атын немесе парақшаға бекітілген ЖСН деректерін сұрап алу қажет. Және де пайдаланушыны басқа мектепке тек қана сол пайдаланушының парақшасы белсендірілген жағдайда ғана қосуға болады.

Пайдаланушының парақшасын қосу үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар» блогындағы «Жаңа адам» батырмасын басу;
  • қосу әдісін таңдау: «Жүйеде бар пайдаланушы (осы немесе басқа ББМ-нен)» және «Әрі қарай» батырмасын басу;
  • ашылған парақшада:
    • рөлді белгілеу;
    • оқу жылын және сынып / топты таңдау  (тек қана оқушыны қосқанда);
    • білім беру мекемесіне және сыныпқа / топқа келу күнін енгізу (тек қана оқушыны қосқанда);
    • пайдаланушының жеке деректерін енгізу;

  • деректерді енгізуді аяқтау және сақтау үшін «Әрі қарай» батырмасына басу;
  • «Жасау» немесе деректерді енгізуді жалғастыру қажет болса «Жасау және тағы қосу» батырмасын басу қажет.

Әкімші қосуға сұрау жібергеннен кейін оқушының/қызметкердің жеке парақшасында ұйымға қосылуға шақыру бар екендігі туралы хабарлайтын қалқымалы терезе және жеке парақша параметрлеріне өту үшін сілтеме пайда болады.

«Ұйымға қолжетімділікті қамтамасыз ету» - «Растау» сілтемесін басу арқылы пайдаланушылар шақыруды өздері қабылдайды.

Ескерту: егер оқушының жеке парақшасында бұрыннан туыстық қатынас орнатылған болса, ата-аналардың деректері мектепте автоматты түрде пайда болады. Деректердің бар екенін тексеру үшін, оқушының парақшасын мектепке қосқаннан кейін ғана «Туысқандар» бөлімінде тексеруге болады.

Маңызды! Пайдаланушылар кіру деректерін жоғалтқан жағдайда, әкімші немесе пайдаланушылардың өздері техникалық қолдау қызметіне хабарласа алады. Бірінші жағдайда, қолдау қызметкерлері әкімшілерге 10-нан аспайтын пайдаланушыны тіркеу үшін қажетті деректерді (пайдаланушы аты) ұсына алады. Толық ақпарат, оның ішінде құпиясөз жеке өзі жүгінген кезде ғана парақша иесінің өзіне беріледі.

Was this article helpful?
1 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.