Пайдаланушылардың жеке деректерін қалай өзгертуге болады?

Әкімші немесе «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редакторлар мектепте тіркелген кез-келген пайдаланушылардың деректерін өңдей алады.

Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
  • «Адамдар» блогында, «Адамдар тізімі» бөлімінде іздеу жолын пайдалану қажет;

Әрі қарай өңдеу режиміне өту үшін пайдаланушының аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан «қарындаш» белгішесіне басып немесе аты-жөні жолына басу қажет. Нәтижесінде «Деректер» қойындысы ашылады.

Қызметкердің «Деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:

  • аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
  • байланыс деректерін өңдеу;
  • әкімші құқықтарын беру;
  • мектептегі лауазымды белгілеу (қажет болған жағдайда лауазымның атауын енгізуге болады);
  • жұмыспен қамыту типін көрсету (толық, сырттай жұмыс);
  • біліктілікті көрсету;
  • педагогикалық қызметтің басталу күнін енгізу.

Ата-аналардың «Деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:

  • аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
  • жұмыс орнын және лауазымын көрсету;
  • байланыс деректерін қосу.

Оқушылардың «Деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:

  • аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
  • туу туралы куәліктің мәліметтерін енгізу: нөмірі, кім берді, беру күні;
  • денсаулығы туралы деректерді енгізу:
    • медициналық денсаулық тобы;
    • дене шынықтыру денсаулық тобы;
  • байланыс деректерін қосу.

Оқушының жеке іс қағазы

Жүйеде «Оқушының жеке іс қағазын» басып шығару мүмкіндігі іске асырылған. 

Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
  • «Адамдар» блогында, «Адамдар тізімі» бөліміндегі іздеу жолын пайдалану қажет;

Одан әрі оқушының жеке іс қағазына өту үшін, оқушының аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан «қарындаш» белгісіне басып, содан кейін «Қарап шығу» қойындысына өту қажет.

 

Құжат келесі ақпаратты қамтиды:

Жеке іс қағазында көрсетілген ақпарат оқушының парақшасынан қалыптастырылады.

Ескерту: «Марапаттаулар мен мадақтамалар» және «Қоғамдық жұмысқа, олимпиадаларға, конференцияларға, түрлі жарыстарға және т.б қатысуы туралы қысқаша мәліметтер» туралы ақпарат «Жетістіктер» қойындысында толтырылады.

Комментарии