Kundelik + Documentolog. Үлгерім табеліне жаппай қалай қол қоюға болады?

Үлгерім табельдеріне жаппай қол қою үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп» -> «Есептер» бөлімін ашу;
  • «Үлгерімі» -> «Оқушылар» есебін ашу;
  • сыныпты таңдап және «Барлық сынып табельдеріне ЭЦҚ-мен қол қою» батырмасын басу:

  • деректерді толтыру нысаны ашылады: табель нөмірі, педагогикалық кеңестің шешімі, тәртібі:

Қажет болған жағдайда, «Пәнді қосу» батырмасын басу арқылы вариативті компоненттерді яғни таңдау пәндерін қосуға болады. Басқаннан кейін пән үшін баған және бағалар үшін бағандар қосылады. Әр пән бойынша 3 баған болады: 1ж/ж, 2ж/ж, Жыл.

Максималды пәндер саны: 4

Егер «Педагогикалық кеңестің шешімі» терезесіндегі мәтін барлығына бірдей болса, одна оны бір рет жазып, қалған оқушыларға көшіруге болады.

Ол үшін «Әрекеттер» бағанындағы басу қажет, онда бірінші жолдағы толық мәтін келесі жолдарға көшіріледі.

Егер ақпарат қате көрсетілген болса, оны жоюға болады. Ол үшін терезедегі мәтінге басып, табельдерді қолтаңбаға жібермес бұрын оны өңдеу / жою қажет.

Әрі қарай, барлық ақпараттың дұрыс енгізілгеніне көз жеткізгеннен кейін «Басып шығару» немесе «ЭЦҚ қол қою» батырмасына басу қажет.

«Басып шығару» батырмасын басқаннан кейін pdf файлы бар терезе ашылады, онда бүкіл сыныптың тізімі бар бет, сонымен қатар таңдалған сыныптағы барлық оқушылардың үлгерім табельдерінің тізімі көрсетіледі.

«ЭЦҚ қол қою» батырмасына басқаннан кейін жүйе құжаттарды «Documentolog» қызметіне жібереді.

Жіберілген табельдердің біреуі бар бет автоматты түрде ашылады. Барлық бағалардың болуына және енгізілген деректердің дұрыстығына көз жеткізіп, мұқият тексеру қажет.

Назар аударыңыз! Барлық табельдер қызметке бірінші рет жіберілген кезде «Подписание сотрудниками» бөліміне түседі. Ол экранның сол жағында орналасқан.

Назар аударыңыз! Құжатты қол қоюға жібермес бұрын, барлық ақпараттың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

Құжатқа қол қойғаннан кейін оны жоюға немесе қайта сол нөмірмен жүктеуге мүмкіндігі болмайды.

Табельдерге жаппай қол қою үшін:

  • «Подписание сотрудниками» батырмасына басу;
  • қажетті табельдерді құсбелгілермен белгілеп;
  • экранның жоғарғы сол жағында «Подписать» батырмасына басу;

  • ЭЦҚ деректерін енгізу үшін терезе ашылады, мұнда келесі әрекеттерді орындау қажет:
    • жеке тұлға үшін ЭЦҚ бар файлды көрсету (RSA кілті);
    • кілтті іске қосу үшін құпиясөзді енгізу;
    • «Подписать» батырмасын басу қажет.

«Успешно» деген жазудың шығуын күту керек.

Бұдан әрі табельдің атауына басып, құжатта ЭЦҚ-ның болуын тексеру қажет. Қол қойылған құжаттың оң жағында «Подписано» деген жазу болады. 

Табельге келесі кезекте директор қол қою қажет. Бұл туралы толығырақ ақпарат келесі мақалада жазылған - Мектеп директоры ЭЦҚ кілті арқылы құжатқа қалай қол қоя алады?

Was this article helpful?
9 out of 12 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.