Kundelik + Documentolog. Жалпы ақпарат және тарифтер

Білім беру ұйымдарын автоматтандыру деңгейін арттыру және электрондық құжат айналымына көшуді жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында Business.documentolog.kz қызметінің негізінде Documentolog компаниясы «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясымен серіктестікте Kundelik.kz жүйесінде интеграция жүргізді.

Интеграция Қазақстан мектептеріне мектептегі білім берудің академиялық мұқтаждықтары үшін қатаң есептілік құжаттарына қол қою және оларды заңды-маңызды тәсілмен электрондық түрде сақтау мүмкіндігін береді («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 7.01.2003 № 370 Заңына сәйкес).

Жеке тұлғаның ЭЦҚ-сын онлайн түрінде сілтеме бойынша алуға болады.

01.06.2022 жылдан бастап ЭЦҚ көмегімен келесі құжаттарға қол қою функционалы іске қосылды:

«Documentolog»-пен интеграция - бұл kundelik.kz жүйесімен біріктірілген ЭЦҚ көмегімен қатаң есептілік құжаттарына қол қоюға арналған мектеп процесін автоматтандыру және цифрландыруға бағытталған қосымша коммерциялық қызмет.

Ескерту! «Documentolog» қызметі 05.01.2023 жылға дейін тегін болған, ал қазіргі уақытта ол келесі тарифтерді ұсынады:

  «Documentolog» қызметі 2022-2023 ж. арналған жылдық тарифтер
Тарифке кіретін жұмыстардың атауы

«Documentolog FREE»

Kundelik.kz кірмейді

«Kundelik.kz-пен интеграция»
1 Пайдаланушылар саны

Шектелмеген

Шектелмеген
2 Жылына 1 мектепке арналған бұлтты қойманың мөлшері

50 Мб

50 Мб + 1 Гб
3 Documentolog жүйесінде қол жетімді функционалдылық

Контрагенттің сенімділігін тексеру
QR-code/ DOC ID бойынша құжаттарды тексеру
Enbek.kz-пен интеграция
ЭШФ АЖ интеграциясы
Келісім-шарттар
Кіріс құжаттар
Шығыс құжаттар
Орындалған жұмыстардың актілері/актілер
Шот-фактуралар
Еңбек келісім-шарттары

Контрагенттің сенімділігін тексеру
QR-code/ DOC ID бойынша құжаттарды тексеру
Enbek.kz-пен интеграция
ЭШФ АЖ интеграциясы
Келісім-шарттар
Кіріс құжаттар
Шығыс құжаттар
Орындалған жұмыстардың актілері/актілер
Шот-фактуралар
Еңбек келісім-шарттары
4 Kundelik.kz-те ЭЦҚ арқылы қол қойылатын құжаттардың түрлері

жоқ

1) Оқушының үлгерім табелі;

2) «Оқушылардың ауысуы» есептері (Ақпар, Келгендер, Кеткендер);

3) Сынып журналы.

5 Айына жіберілетін және қабылданатын құжаттардың саны

Шектелмеген

Шектелмеген

6 Documentolog жүйесінде тіркелген мемлекеттік органдармен құжат алмасуға арналған ЭҚАБЖ арасындағы интеграциясы Кіреді Кіреді
7 Сервистік техникалық қолдау көрсету Кіреді Кіреді
1 мектепке тариф құны, теңге Тегін 89900

 «Documentolog» сервисінде жұмыс істеу жөніндегі шарт аяқталған жағдайда «Documentolog» бұлтты қоймасына қолжетімділік жабық болады. Қол жеткізуді қайтару үшін келісім-шартты ұзарту ұсынылады. Тарифтер бір мектепке қолданылады - төлем күнінен бастап 12 айға жарамды. Егер бұлтты қойманың шегі таусылған болса, онда қосымша жадты бөлек сатып алу керек («Documentolog»-қа хабарласу қажет).

Қосымша сұрақтар бойынша Documentolog компаниясының келесі байланыс деректеріне хабарласуға болады:
Телефон: +7 (717) 253-77-01 (жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін)
Электрондық пошта: school@documentolog.com

Was this article helpful?
4 out of 9 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.