Мектеп директоры құжатқа қол қою үшін әкімші Doculite жүйесінде «Отправить руководителю на подпись» батырмасын басу қажет.
Құжатқа қол қою кезінде лауазымдық саты сақталады. Құжатқа алдымен талап бойынша қызметкерлер қол қойып, соңында ғана мектеп директоры дайын құжатқа кол кояды.
Жүйе келесі ескертуді көрсетеді:
Пайдаланушы келісіп, («Да, продолжить») бартырмасына басқаннан кейін, келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
- егер директор бұрын жүйеде тіркелген болса, қызметкерді тізімінен таңдау қажет;
- сілтемені көшіріп, оны электрондық пошта арқылы немесе қол жетімді мессенджер арқылы басшыға жіберу қажет;
Әрбір қол қойылғаннан кейін құжаттың күйі өзгереді. Қол қою туралы ақпарат ашылған беттің оң жағында көрсетіледі.
Ескерту! Құжатқа қол қойылғаннан кейін директор әкімшіге ЭЦҚ-ның қойылғаны туралы хабарлауы тиіс.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін, құжаттың PDF файлында қолтаңба және оның деректемелері пайда болады.
Ұйым басшысы Doculite жүйесінде тіркелгеннен кейін ұйымның БСН-і осы ұйымның барлық қызметкерлерінің парақшаларында автоматты түрде көрсетіледі. Ұйымның БСН-ін Doculite жүйесінде өңдеу мүмкін емес.
Қызметкерлердің ЭЦҚ кілттерінен басқа, Күнделікте тіркелген мектеп баптауларында ұйымның БСН-і дұрыс көрсетілуі қажет. БСН-ді түзету үшін Білім беру ұйымының деректемелерін толтыру бойынша нұсқаулықпен танысуыңызды ұсынамыз.
Comments
Please sign in to leave a comment.