Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің 2022 жылғы 14 қарашадағы №456 бұйрығына сәйкес: «Электрондық құжат айналымы жүйесі электрондық құжат айналымы жүйесінің барлық қатысушыларымен ҚР ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып, құжаттармен электрондық түрде алмасуды қолдайды».
Kundelik.kz сайтында «Documentolog Global Limited» компаниясымен интеграциясының арқасында ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қою қолжетімді.
05.01.2023 жылдан бастап функционал ақылы. Сіз тарифтермен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз. Тарифті сатып алу бойынша сұрақтарыңызды Білім басқармасына бағыттауға ұсынамыз.
Тарифті сатып алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- kundelik.kz сайтына директордың атынан кіру;
- «Есептер» бөліміне өтіп, табельді құрастырып, business.documentolog.kz сайтына өтіп, «ЭЦҚ қол қою» батырмасына басу;
- «Моя организация» таңдап, «Оферта» бөліміне өту;
- ашылған бетте «Подписать» батырмасына басу;
- ақпаратты толтыруға арналған терезеше ашылады, она толтырып, кейін «Подписать» батырмасына басу;
- офертаға қол қойғаннан кейін «Оплата» бөліміне өту;
- төлем парақшасында «Интеграция с порталом Kundelik.kz» тарифтік жоспары бар.
«Интеграция с порталом Kundelik.kz» тарифімен толығырақ мұнда танысуға болады.
Ескерту!
-
- Егер оқу орны Жеке мекеме болып табылса, онда офертаға қол қойып, «Счет на оплату» немесе «Оплата онлайн» батырмасы арқылы төлем жасау жеткілікті.
- Егер оқу орны Мемлекеттік мекеме болып табылса, онда тарифті таңдап, содан кейін Мемлекеттік сатып алу порталында келісім-шартты ұсыну үшін барлық қажетті құжаттарды қамтитын «Скачать спецификацию» батырмасына басу керек.
- Төлемді жүзеге асырғаннан кейін келесі қадамдар бойынша тарифті қосу қажет:
1-қадам. Жүйеге кіру;
2-қадам. «Мой профиль» - «Моя организация» - «Оплата» бөліміне өту;
3-қадам. Сатып алынған тарифтің қойындысын ашу;
4-қадам. «Интеграция с порталом Kundelik.kz» тарифтік өрісін толтырып және «Оплатить» функциясын пайдаланынып «Оплатить со счета» таңдамасын таңдау қажет.
Қосымша түрде сілтеме арқылы бейне-нұсқаулықпен танысуға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.