Мектеп қызметкерлері тарапынан барлық қол қойылғаннан кейін оқушының үлгерімі бойынша табелі «Отправить на подпись родителю» батырмасы арқылы Documentolog-қа қол қою үшін жіберіледі.
Батырманы басқаннан кейін ұсынылған нұсқалардың бірін таңдау қажет:
- «Отправить ссылку для подписи по email:» - ЭЦҚ көмегімен құжатқа қол қою үшін үлгерімі бойынша табеліне сілтемені ата-ананың электрондық пошта мекенжайын енгізіп барып жіберу қажет.
- Қол қою сілтемесін «Скопировать» - ата-анаға тікелей көшіруге және жіберуге болатын дайын сілтеме, мысалы, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы.
Ескерту: сілтеме арқылы өту барасында ата-анаға қол қойылғанға дейін баланың үлгерімі бойынша табелін көруге болады. Сілтемені басқа ата-анаға немесе топтық чаттарға қателесіп жібермеу ұсынылады.
Ата-ана PDF форматында табель ашылатын сілтеме бойынша өтіп, жоғарғы оң жақ бұрышында «Подписать» батырмасы арқылы ата-ана ЭЦҚ кілтін (жеке тұлға үшін-RSA) қолданып және оған қол қою үшін құпиясөзді енгізеді.
Егер мектеп қызметкері сынып жетекшісі рөлінде табельге қол қойып, қосымша түрде оқушының ата-анасы ретінде де саналса, онда ол құжатқа жеке тұлға кілтінің ЭЦҚ көмегімен екі рет қол қою мүмкіндігіне ие болады.
Ескерту! Үлгерімі бойынша табеліне қол қойылғаннан кейін қол қоюға сілтеме жіберілген ата-ана әкімшіге немесе сынып жетекшісіне табельге ЭЦҚ-мен қол қойғаны туралы хабарлауы тиіс.
Қол қойылған құжатты көру үшін:
- «Бағдарламалар» бөліміне өту;
- «Күнделік. Doculite»-ті таңдау;
- «Ашу» батырмасына басу;
- «Услуги» бөлімінде «Күнделік» тармағын таңдап, «Войти» батырмасына басу;
- сол жақта «Услуги» - «Документ Kundelik» - «Архив» болады.
Ата-ана құжатқа қол қойғаннан кейін, Documentolog-тағы мектеп қызметкері осы құжаттың мәртебесін жаңартады. Қол қоюдың барлық кезеңдері жасыл көрсеткіштерімен белгіленеді, ал оң жақта оған қол қойған адамдар туралы мәліметтері көрсетіледі.
Қол қойылған құжатты жүктеп алу үшін «Вложение» жолында «Скачать с ЭЦП»-ға басу қажет.
Comments
Please sign in to leave a comment.