Kundelik + Documentolog. Әкімші ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қалай қол қояды?

ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қалай қол қоюға болады?

Құжаттарға қол қоюдың дұрыс тәртібі (қадамдар кестедегі нөмірлеумен сәйкес келуі тиіс):

Пайдаланушының рөлі / Құжат Сынып журналы Үлгерімі бойынша табелі

Оқушылардың ауысуы бойынша есебі

Әкімші 1. Журналды жүйеден жүктейді. Нұсқаулық төменде. 1. Табельді жүйеден жүктейді (сынып жетекшісінде де мүмкіндігі бар). Нұсқаулық төменде. 1. Жүйеден есепті жүктейді. Нұсқаулық төменде.
Сынып жетекші 2. Журналдың дұрыс толтырылуын және ескертулерін тексереді. Қажет болса, оларды түзетеді. 2. Оқушының / сынып оқушыларының табелін тексереді. Оған жеке тұлғаның ЭЦҚ - мен қол қояды. -
Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары 3. Журналды өз атынан тексереді және оған жеке тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қояды. - 2. Есепті өз атынан тексереді және директорға қол қоюға жібереді.

Директор / қол қою құқығымен директордың м.а.

(Руководитель)

4. Барлық тексерулерден кейін заңды тұлғаның қол қою құқығы бар ЭЦҚ-сын қояды. 3. Барлық тексерулерден кейін заңды тұлғаның қол қою құқығы бар ЭЦҚ-сын қояды. Сынып жетекшісіне ата-анасына табель жіберу туралы хабарлайды. 3. Барлық тексерулерден кейін заңды тұлғаның қол қою құқығы бар ЭЦҚ-сын қояды.
Ата-ана - 4. Табельге қол қоюға болатын сынып жетекшісінен құжатқа сілтеме алады. Оған жеке тұлғаның ЭЦҚ - мен қол қояды. -

Ескерту: құжатқа қол қойылғаннан кейін келесі қызметкерге / ата-анасына хабарлау ұсынылады (жоғарыдағы кестеге назар аударыңыз).

Нұсқаулықтар:

Ескерту! Құжаттың тілі және оған қойылған ЭЦҚ-сы Kundelik.kz жүйесіндегі тіліне байланысты болады. Сондықтан, құжатты құрмай тұрып, жүйенің тілін қажетті құжаттың тіліне сәйкес келетініне көз жеткізу керек.

Журналдың толық нұсқасы

Kundelik.kz жүйесінде әкімшімен орындалатын әрекеттер:

  • «Мектеп» - «Журналдар» бөлімін ашу;
  • «Басып шығару» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдау;
  • «Бір сынып үшін толық жылға» басып шығару түрін таңдау;
  • «Журналды басып шығару» батырмасына басу қажет.

Әрекеттерді таңдау терезесі ашылады

  1. «Дайын» - журналдың PDF форматындағы баспа нұсқасы ашылады. 
  2. «ЭЦҚ арқылы қол қою» - журналдың баспа нұсқасы Documentolog жүйесіне ауыстырылады, онда таңдалған құжатқа қол қою мүмкіндігі болады.

Журналдың баспа нұсқасына ЭЦҚ қол қою міндетті емес. «Жою» батырмасына басу арқылы оны PDF форматында ашуға болады.

Әрі қарай, Documentolog қызметі ашылады, онда басты бетте таңдалған сынып журналы көрсетіледі. Жоғарғы сол жақ бұрышта келесі батырмалар орналасқан (тек орыс тілінде):

  • «Подписать»;
  • «Отправить сотрудникам на подпись»;
  • «Отправить руководителю на подпись»;
  • «Удалить».

Қол қою кезіндегі батырмалардың мәндері (тек орыс тілінде):

  • «Отправить руководителю на подпись» - тек қана мектеп Директорына арналған. 
  • «Отправить сотрудникам на подпись» - келесі қызметкерлерге арналған: сынып жетекші, ОТЖ жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі. 

Ескертулер:

  • құжаттың мазмұнымен алдын-ала танысып, оның дұрыс толтырылғанын тексеріп, қол қойып, содан кейін ғана мектеп директорына қол қоюға жіберу ұсынылады;
  • егер құжат Documentolog қызметінде қате жіберілген болса, «Удалить» батырмасын пайдалануға болады;
  • құрылған құжат «Готово» батырмасына басқан кезде пайда болатын PDF файлына сәйкес келеді.

Журналдың толық нұсқасын басып шығаруға болады, егер

  • сыныпта сабақ кестесі жасалды; 
  • сыныпта есептік кезеңнің түрі - «Тоқсандар»; 

Журналдың толық нұсқасын басып шығаруға қолжетімділігі бар қызметкерлер: 

  • сынып жетекшісі - тек өз сыныбының журналы;
  • әкімші құқықтары бар қызметкер; 
  • «Адамдар» блогына кез келген қолжетімілігі бар редактор; 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 15 наурыздағы - 13-2 №502 бұйрығы негізінде. Формативті бағалау нәтижелері басып шығаруды және одан әрі сақтауды қажет етпейді.

Оқушының үлгерімі бойынша табелі

Kundelik.kz жүйесінде әкімшімен немесе сынып жетекшінің атынан орындалатын әрекеттер:

  • «Мектеп» - «Есептер» бөлімін ашу;
  • «Үлгерім» - «Оқушылар» есебін таңдау;
  • есепте келесі параметрлерді таңдау: сынып, барлық кезеңдер бойынша, оқушының аты-жөні;
  • «Есепті құрастыру» батырмасын басу арқылы есепті қалыптастыру;
  • «Басып шығару» батырмасын басу қажет;

  • ашылған терезеде келесі деректерді қолмен енгізіңіз:
    • табель нөмірі;
    • таңдау бойынша пәндер және бағалары;
    • педагогикалық кеңестің шешімі:
    • «Тәртібі» туралы шешім.

Үлгерім табелі туралы толық ақпарат мақалада: «Үлгерімі: Оқушылар» есебі

Әрі қарай, Documentolog қызметі ашылады, онда басты бетте таңдалған оқушының табелі көрсетіледі. Жоғарғы сол жақ бұрышта келесі батырмалар орналасқан (тек орыс тілінде):

  • «Подписать»;
  • «Отправить сотрудникам на подпись»;
  • «Отправить руководителю на подпись»;
  • «Удалить».

Ескертулер:

  • құжаттың мазмұнымен алдын-ала танысып, оның дұрыс толтырылғанын тексеріп, қол қойып, содан кейін ғана мектеп директорына қол қоюға жіберу ұсынылады;
  • егер құжат Documentolog қызметіне қате жіберілген болса, онда табельді қайта қалыптастырып, ол Documentolog-қа өткеннен кейін «Услуги» -> «Күнделік» -> «Войти» бөлімінде қателескен табельді құсбелгімен белгілеп, «Удалить» батырмасы арқылы жою қажет;
  • егер табельге Documentolog қызметінде ЭЦҚ арқылы қол қойылған болса, бірақ ішінде қате жіберілген болса, онда табельді жою мүмкіндігі болмайды;
  • құрылған құжат «Готово» батырмасына басқан кезде пайда болатын PDF файлына сәйкес келеді.

Оқушылардың ауысуы туралы есеп

Kundelik.kz жүйесінде әкімшімен орындалатын әрекеттер:

  • «Мектеп» - «Есептер» бөлімін ашу;
  • «Оқушылардың ауысыуы» есебінен - қажетті есепті таңдау;
  • «ЭЦҚ арқылы қол қою» батырмасын басу.

Әрі қарай, Documentolog қызметі ашылады, онда басты бетте есеп көрсетіледі. Жоғарғы сол жақ бұрышта келесі батырмалар орналасқан (тек орыс тілінде):

  • «Подписать»;
  • «Отправить сотрудникам на подпись»;
  • «Отправить руководителю на подпись»;
  • «Удалить».

Ескертулер:

  • құжаттың мазмұнымен алдын-ала танысып, оның дұрыс толтырылғанын тексеріп, қол қойып, содан кейін ғана мектеп директорына қол қоюға жіберу ұсынылады;
  • егер құжат Documentolog қызметінде қате жіберілген болса, «Удалить» батырмасын пайдалануға болады;
  • құрылған құжат «Дайын» батырмасына басқан кезде пайда болатын PDF файлына сәйкес келеді.

Documentolog қызметінде қол қою процесі

Kundelik.kz-тен құжатты қол қоюға жібергеннен кейін Documentolog қызметінде келесі әрекеттерді орындау қажет.

  • Құжатқа қол қою тәртібін сақтау. Әдісі осы мақаланың басында кестеде көрсетілген.
  • Жоғарғы сол жақ бұрышында «Подписать» батырмасына басу.
        • «Тип хранилища ключей ЭЦП» таңдау:
        • ЭЦҚ файлын таңдау;
        • ЭЦҚ кілттерін сақтау қоймасына құпиясөзді енгізу;
        • «Подписать» батырмасына басу.  
  • процестің барлық қатысушылары үшін (директордан басқа) жеке тұлғаның кілті қолданылады - RSA;
  • директор / директордың міндетін атқарушы үшін заңды тұлғаның қол қою құқығы бар кілті пайдаланылады - GOST.

«Подписать» батырмасын басқаннан кейін құжат туралы деректері бар терезе ашылады. Сол жақта құжатқа қол қойған қызметкердің деректері көрсетіледі.

Қол қойылған құжат келесідей ашылады:

Құжатты басқа қатысушыға қол қоюға қалай беруге болады?

Құжатқа басқа қатысушылар қол қоюы үшін Әкімші «Отправить сотрудникам на подпись» батырмасына басу қажет.

Тізімнен қызметкерді таңдауға немесе оған осы құжатқа сілтеме жіберуге болатын терезе ашылады.

Егер қызметкер бұрын Documentolog-қа ұйымның қызметкері ретінде тіркелмеген болса, онда оның аты-жөні қызметкерлер тізімінде болмайды. Онда «Не нашли сотрудника в структуре? Пригласите нового сотрудника для подписи» деген сөйлемге басу қажет:

Терезеде «Отправить сотрудникам на подпись» батырмасына басқаннан кейін ұсынылған нұсқалардың бірін таңдау керек:

  • «Отправить на email:» - ЭЦҚ көмегімен құжатқа қол қоюға арналған сілтеме келуі үшін қызметкердің электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет.
  • Қол қою сілтемесін «Скопировать» - қызметкерге тікелей көшіруге және жіберуге болатын дайын сілтеме, мысалы, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы.

Сілтеме бойынша өту кезінде таңдалған құжаты бар, қол қоюға дайын бет ашылады.

Жоғарғы оң жақ бұрышта «Подписать» батырмасын басып, кілтті таңдап, ЭЦҚ-ның құпиясөзін енгізу қажет.

Әрі қарай, құжатқа ЭЦҚ кілтімен қол қою рәсімін мектеп директоры жүргізуі тиіс. Бұл туралы толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады.

Құжатқа барлық қажетті тұлғалар қол қойылғаннан кейін, оны Doculite-тегі басты бетте «Скачать с ЭЦП» батырмасының көмегімен жүктеуге болады.

Осылайша, Documentolog барлық тараптардың жеке қатысуын талап етпей, ЭЦҚ көмегімен бір құжатқа қол қоюға мүмкіндік береді.

Байланыс деректері

Documentolog қызметімен жұмыс жасау туралы нұсқаулық-бейнелер мына жерде қолжетімді.

Егер Documentolog қызметі жұмысы бойынша немесе оны қолдануға қатысты сұрақтар туындаса, school@documentolog.com жүйесінің қолдау қызметіне хабарласуға болады.

Сондай-ақ, бұл байланыс деректері пайдаланушыларға қызметті сатып алу туралы кеңес беруге көмектеседі.

Was this article helpful?
15 out of 24 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.