Егер оқушы немесе қызметкер kundelik.kz жүйесінде бұрын тіркелген болса, оған жаңа аккаунт құру қажет емес. Пайдаланушыны жүйеге «Жүйеде бар пайдаланушы (осы немесе басқа ББМ-нен)» ретінде қосу жеткілікті.
Оқушыны қосу
Оқушыны «Жүйеде бар пайдаланушы» ретінде қосу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
«Әкімшілік ету» → «Жаңа адам» бөліміне өту;
қосу тәсілі ретінде «Жүйеде бар пайдаланушы» типін таңдау;
«Әрі қарай» батырмасын басу;
«Мектептегі рөлі» бөлімінде «Оқушы» рөлін таңдау қажет.
әрі қарай оқу жылын;
сыныбын;
мектепке қабылданған күнін және бұйрығын көрсету қажет.
Қажет болған жағдайда оқушыны бірден Қосымша білім беруіне (ҚББ) де тіркеуге болады.
Оқушыны ҚББ бөліміне қажетті оқу жылына арналған оқу топтары құрылған жағдайда ғана тіркеле алады.
Келесі қадамда оқушының жеке құжаты бойынша ЖСН-ді көрсету қажет.
Қазіргі уақытта жаңа парақшаны тіркеу кезінде ЖСН міндетті түрде толтырылуы тиіс.
«Әрі қарай» батырмасын басу арқылы келесі қадамға өтіп, енгізілген деректерді тексергеннен кейін «Жасау» батырмасын басу қажет. Осыдан кейін оқушы көрсетілген сыныпқа автоматты түрде мектеп жүйесіне тіркеледі.
Қызметкерді қосу
Қызметкерді «Жүйеде бар пайдаланушы (осы немесе басқа ББМ-нен)» ретінде қосу үшін:
«Әкімшілік ету» → «Жаңа адам» бөліміне өту;
қосу тәсілі ретінде «Жүйеде бар пайдаланушы» типін таңдау;
«Әрі қарай» батырмасын басу;
«Мектептегі рөлі» бөлімінде «Қызметкер» рөлін таңдау;
қажетті рөлді (бір немесе бірнешеуін) белгілеу:
директор;
директордың орынбасары;
оқу ісінің меңгеруші;
мұғалім;
мектепке келген күнін көрсету керек.
Келесі қадамда қызметкердің ЖСН-ін көрсету.
«Әрі қарай» батырмасын басу арқылы келесі қадамға өтіп, енгізілген деректерді тексергеннен кейін «Жасау» батырмасын басу қажет.
Кейін қызметкерге мектепке қосылуға шақыру жіберіледі, оны мектеп жүйесіне қосылу үшін қабылдау керек.
Егер мұғалім басқа мектепте қосымша жұмыс істейтін болса және оны жүйеге «Жүйеде бар пайдаланушы» ретінде қосқан болса, мұғалім мектептердің жүйелері арасында еркін ауыса алады және пән мұғалімі ретінде тағайындалған журналдарға қол жеткізе алады.
Comments
Please sign in to leave a comment.