Егер ЖСН бағанында «Тізімдер» - «Оқушылар» есебін құру барысында деректер көрсетілмесе, бұл оқушының жеке парақшасын жасау кезінде бұл деректер жүйеге енгізілмегенін білдіреді.
ЖСН туралы ақпаратты kundelik.kz жүйелік Әкімшісі немесе оқушының сынып жетекшісі толтыра алады.
Сынып жетекшісіне:
Сыныптағы оқушының ЖСН деректерін толтыру үшін:
- «Мектеп» - «Менің сыныптарым» бөліміне өту;
- сыныпты таңдау;
кілтке басу;
- «Оқушылар» қойындысында оқушының толық аты-жөніне басу;
- «Деректер» қойындысына өтіп;
- ЖСН енгізіп;
- өзгерістерді сақтау қажет.
Ескерту: Егер оқушы резидент емес тұлға болып табылса, «Бейрезидент» бағанында құсбелгі қою қажет.
Әкімшіге:
- «Мектеп» - «Менің мектебім» бөліміне өту;
белгішені пайдаланып «Әкімшілік ету» бөлімін ашу;
- «Адамдар тізімі» бөліміне өту;
- іздеу жолағына оқушының толық аты-жөнін енгізіп;
- оның атына басу арқылы жеке парақшасына өту;
- «Деректер» қойындысын таңдап;
- ЖСН енгізіп;
- өзгерістерді сақтау қажет.
«Тізімдер» - «Оқушылар» есебін қайта құрған кезде ЖСН бойынша барлық деректер көрсетіледі.
Comments
Please sign in to leave a comment.