Әкімші немесе «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редакторлар мектепте тіркелген кез-келген пайдаланушылардың деректерін өңдей алады.
Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Адамдар» блогында, «Адамдар тізімі» бөлімінде іздеу жолын пайдалану қажет;
Әрі қарай өңдеу режиміне өту үшін пайдаланушының аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан «қарындаш» белгішесіне басып немесе аты-жөні жолына басу қажет. Нәтижесінде «Деректер» қойындысы ашылады.
Қызметкердің «Деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:
- аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
- «Бейрезидент» графасында құсбелгі қоя алады;
- байланыс деректерін өңдеу;
- әкімші құқықтарын беру;
- мектептегі лауазымды белгілеу (қажет болған жағдайда лауазымның атауын енгізуге болады);
- жұмыспен қамыту типін көрсету (толық, сырттай жұмыс);
- біліктілікті көрсету;
- педагогикалық қызметтің басталу күнін енгізу.
Ата-аналардың «Деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:
- аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
- жұмыс орнын және лауазымын көрсету;
- байланыс деректерін қосу.
- «Бейрезидент» графасында құсбелгі қоя алады;
Оқушылардың «Деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:
- аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
- туу туралы куәліктің мәліметтерін енгізу: нөмірі, кім берді, беру күні;
- «Бейрезидент» графасында құсбелгі қоя алады;
- денсаулығы туралы деректерді енгізу:
- медициналық денсаулық тобы;
- дене шынықтыру денсаулық тобы;
- байланыс деректерін қосу.
«Денсаулық және өмірлік жағдай» бөлімінде көрсетілген ақпарат журналдың баспа нұсқасында «Оқушылардың дене дайындығы көрсеткіштері» бетінде көрсетіледі.
Толығырақ: Дене дайындығы журналы қалай толтырылады?
Ескерту: егер пайдаланушылардың бірнеше білім беру ұйымдарында мүшелігі болса, онда әкімшіде немесе «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редакторларда пайдаланушының тегін өңдеуге мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайларда пайдаланушының жеке деректерінің өзгертілуіне негіз болатын тиісті құжаттарды ұсына отырып, қолдау қызметіне хабарласу қажет.
Егер оқушы резидент емес тұлға болып табылса, «Бейрезидент» бағанында құсбелгі қою қажет.
Оқушының жеке іс қағазы
Жүйеде «Оқушының жеке іс қағазын» басып шығару мүмкіндігі іске асырылған.
Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Адамдар» блогында, «Адамдар тізімі» бөліміндегі іздеу жолын пайдалану қажет;
Одан әрі оқушының жеке іс қағазына өту үшін, оқушының аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан «қарындаш» белгісіне басып, содан кейін «Қарап шығу» қойындысына өту қажет.
Құжат келесі ақпаратты қамтиды:
Жеке іс қағазында көрсетілген ақпарат оқушының парақшасынан қалыптастырылады.
Ескерту: «Марапаттаулар мен мадақтамалар» және «Қоғамдық жұмысқа, олимпиадаларға, конференцияларға, түрлі жарыстарға және т.б қатысуы туралы қысқаша мәліметтер» туралы ақпарат «Жетістіктер» қойындысында толтырылады.
Comments
Article is closed for comments.