Пайдаланушыны мектептен шығару үшін:
- пайдаланушы парақшасында «Қарап шығу» қойындысына өту;
- экранның оң жағындағы «Мектептен шығару» сілтемесіне басу;
- шығу себебін көрсету (қажет болған жағдайда оқушының шығару бұйрығының күнін, түрін және нөмірін көрсетуге болады);
- «Әрі қарай» батырмасына басу;
- «Иә, шығару» батырмасына басу арқылы шығаруды растау қажет.
Мектептен шығарудың 2 түрі бар:
- «Нақты» типі білім алушының ББМ (Білім беру мекемесі) көрсетілген күнімен шығатынын білдіреді. Осы типпен шығарылған қатысушылар «Мұрағатқа» көшіріледі.
- «Қате салдарынан» типі білім алушының ББМ ешқашан оқымағандығын және парақша қате салдарынан енгізілгендігін білдіреді. Мектептен шығарудың осы түрін соңғы шара ретінде қолдану қажет, өйткені осы тип таңдалған кезде оқушыға қатысты барлық ақпарат және бағалары Жүйеден жойылады.
«Нақты» типімен шығару барысында, мүшеліктің аяқталу күнін және шығару типін дұрыс енгізу маңызды. Сыныптағы және ББМ мүшеліктің басталу және аяқталу күндерінің дұрыс енгізілгені білім алушылардың қозғалысы туралы есебінің дұрыс қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
Оқушы парақшасы мен ата-ананың парақшасы арасындағы байланысты жою арқылы ата-ананы ұйымнан шығаруға болады.
Ата-ана парақшасын мектептен шығару үшін:
- оқушы парақшасында «Туысқандар» қойындысына өту;
- ата-ананың аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан батырмасына басу;
- әрекетті растау үшін «Иә, жою!» батырмасына басу қажет.
Мектептен шығарылған пайдаланушыға «Бағдарламалар ортылығы» бөлімінің бірқатар сервистері және Жүйенің әлеуметтік мүмкіндіктері қолжетімді болады. Алайда, Білім беру мекемесі туралы ақпарат ол үшін жабық болады.
Жалпы білім беру ұйымының әкімшісінде шығарылған пайдаланушыларды қалпына келтіру құқығы бар.
Толығырақ: Мұрағатқа ауыстырылған пайдаланушыны қалай қалпына келтіруге болады?
Тұлғаны / пайдаланушыны қалай жоюға болады?
Жүйеде қатысушылардың екі түрі бар: тұлға және пайдаланушы:
- бірінші рет кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдаланып, тіркеу процессін өтпеген бірақ жүйеге енгізілген қатысушылар – тұлға деп аталады.
- тіркеу процессін сәтті аяқтаған қатысушы – пайдаланушы деп аталады. Әр пайдаланушының жүйеде жеке парақшасы бар, бұл парақшада пайдаланушы туралы ақпарат және онымен қарым-қатынас құралдары берілген.
«Әкімшілік ету» – «Адамдар тізімі» бөлімінде пайдаланушылар Аты-жөнінің сол жағында порталдың белгішесімен белгіленген.
Аты-жөні жолағы, сондай-ақ оң жағында орналасқан қарындаш белгішесі - бұл деректерді өңдеу режиміне кіру сілтемесі.
Еер пайдаланушы тіркелмеген яғни, өз парақшасын белсендірмеген кезде ғана, яғни тұлға болса ғана жоюға мүмкін болады. Белсендіріген парақшаны жою мүмкін емес. Оны тек ұйымнан шығаруға болады, яғни «Мұрағатқа» өткізу.
Тұлғаны жою үшін:
- «Адамдар» блогындағы «Адамдар тізімі» пунктіне басу;
- деректерді өңдеу режиміне кіру үшін қажетті қатысушының аты-жөніне қарама-қарсы «қарындаш» белгішесін басу немесе қатысушының аты-жөніне басу қажет. «Деректер» қойындысы ашылады;
- «Тұлғаны жою» батырмасын басып, жоюды растау қажет.
Ескерту: тұлға құрылған сәттен бастап, оны тек 48 сағат ішінде ғана жоюға болады. 48 сағат өткеннен кейін тұлғаны жою барысында ол «Мұрағатқа» өтеді.
Comments
Article is closed for comments.