Мектептегі әкімшіні қалай ауыстыруға болады?

Әкімшілік құқықтар тек қана жобада пайдаланушы ретінде тіркелген және де бір рет болсын жүйеге кірген қызметкерлерге беріледі.

Жаңа әкімшіні тағайындау үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына басу;
  • іздеу жолын пайдаланып, құқықтар тағайындайтын қызметкерді табу;
  • аты-жөніне қарама-қарсы тұратын «қарындаш» белгішесіне басып, «Жеке деректер» қойындысында қызметкерге қажетті құқықтарды құс белгісімен белгілеу;
  • «Сақтау» батырмасына басу қажет.

Ескерту: қызметкерге әкімші құқықтарын тек әкімші және «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редактор бере алады.

Егер қызметкер мектептің жалғыз әкімшісі және оған әкімшілік құқықтарынан айырылу қажет болса, басқа қызметкерге әкімші құқықтары беріліп, келесі қадамдар жасалынуы қажет:

  • жаңа әкімшіні тағайындау (жоғарыда көрсетілгендей);
  • жаңа әкімші өз парақшасынан кіріп, «Жеке деректер» өңдеу парақшасына өтіп, «Әкімші» деген құс белгісін бұрынғы әкімшінің парақшасынан алып тастау қажет.
Was this article helpful?
6 out of 7 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.