«Оқушылардың ауысуы: Келгендер» есеп түрінде, мектепке жаңадан келген немесе басқа сыныптан көрсетілген уақыт аралығында ауысып келген оқушылар тізімі көрсетілген.
Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:
- оқу жылы;
- уақыт аралығы;
- келу себебі (қажет болған жағдайда). Келу себебі бойынша көрсету нәтижелерін сүзу мүмкіндігі бар:
- бір мектеп шеңберінде басқа сыныптан ауыстырылған;
- мектепке қабылданғандар.
Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.
Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:
- оқушының аты-жөні;
- сынып атауы;
- келу күні;
- келу себебі;
- келу орны (оқушы қайдан келді);
- бұйрық күні;
- бұйрық нөмірі.
Есептің көрінуі: мектеп әкімшісі, «Адамдар» бөлімінде өзгерістер жасай алатын редактор, директор және оның орынбасары.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде электрондық құжат айналымына көшуіне байланысты kundelik.kz сайтында өзгерістер енгізілді, енді осы есепті басып шығару кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану қажет. ЭЦҚ көмегімен құжаттарды қалай басып шығару туралы толық ақпаратпен осы мақалада танысуға болады - «Әкімші ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қалай қол қояды?»
Ескерту: «Тегі, аты, әкесінің аты», «Күні» және «Бұйрық күні» сілтемелері оқушыларды аты-жөні, келу күні немесе бұйрық күні бойынша сүзуге көмектеседі.
Алфавиттік кітапты басып шығару
«Алфавиттік кітапты басып шығару» батырмасын басқанда, таңдалған оқу жылы бойынша оқушылардың алфавиттік кітабындағы жазуларын басып шығаруы іске қосылады.
Сол жақ беті:
Аты-жөні, туылған күні, жынысы және ана тілі - «Жеке деректер» қойындысында толтырылады. Келу туралы ақпарат оқушы мектепке қосылған кезде толтырылады.
Оң жақ беті:
Оқушының мекен-жайын «Жеке деректер» қойындысында «Нақты тұратын мекен-жайы» бағанында енгізуге болады. Шығу туралы ақпарат оқушы мектептен шығарылғанда толтырылады.
Ескерту: «Жеке ісі туралы талондар» бағанын қазіргі уақытта алфавиттік кітабын басып шығарғаннан кейін, қолмен толтыруға болады.
Comments
Article is closed for comments.