Білім алушылардың кетуі туралы есептен шығару талонын қалай алуға болады?

Білім алушылардың кетуі туралы есептен шығару талоны - білім беру ұйымынан оқушы шығып жатқан кезінде берілетін, яғни мектеп оқушының оқудан кеткенін растайтын құжат. Талон білім алушы келгеннен кейін және жеке іс-қағазын тапсырған кезде білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.

Kundelik.kz жүйесінен кетуі туралы есептен шығару талонын алу үшін:

  • «Сыныпта болды» қойындысына өту;
  • қажетті оқушының аты-жөнінің жанындағы белгішеге басу;
  • ашылған оқушының жеке парақшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Білім алушылардың кетуі туралы есептен шығару талоны» батырмасына басу қажет.

Компьютерге оқушы туралы келесі ақпараты бар есептен шығару талоны PDF файлы ретінде жүктеледі:

Сол жағы: Кеткен білім алушылар туралы мәлімет:

  • оқушының аты-жөні;
  • туған күні;
  • оқыған сыныбы;
  • қайда кетті (қабылдаушы ұйым);
  • орта білім беру ұйымының директорының аты-жөні;
  • күні, қолы және ұйымның мөрі.

Оң жағы: Білім алушылардың кетуі туралы есептен шығару талоны:

  • оқушының аты-жөні;
  • туған күні;
  • оқыған сыныбы;
  • Орта білім беру ұйымы (шығатын ұйым);
  • орта білім беру ұйымының директорының аты-жөні;
  • күні, қолы және ұйымның мөрі;
  • пайдаланушы аты (логин).

Оқушы ұйымнан шыққан кезде мектепте талонның сол жағы қалады, ал оң жағы қабылдаушы ұйымға беріледі. Талонның оң жағында пайдаланушы аты көрсетілген, мектеп оны қолдана отырып, жаңа оқушыны «Жүйеде бар пайдаланушы» ретінде kundelik.kz-ке қосу керек.

Білім алушылардың кетуі туралы есептен шығару талонын оқушы оқу жылының ортасында мектептен шыққан жағдайда ғана шығару мүмкіндігі бар.

Назар аударыңыз! Егер сыныптар келесі оқу жылына ауыстырылған болса, онда кетуі туралы есептен шығару талонын басып шығару мүмкіндігі болмайды.

Was this article helpful?
20 out of 21 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.