Екі жыл алға сыныпты қате көшіру
Егер сынып екі оқу жыл алға қателікпен көшірілген және келесі оқу жылында көрсетілген болса, онда келесі нұсқаулық арқылы іс-әрекеттерді жасау қажет:
- «Сыныптар тізімін» ашу;
- ағымдағы 2024-2025 оқу жылында қате салдарынан ауыстырылған сыныпты (қара түспен белгіленген) сынып парақшасында «Қалпына келтіру» батырмасы арқылы қалпына келтіру;
- көрсеткіш арқылы келесі оқу жылына (мысалы, 2025-2026) өту;
- қателікпен көшірілген сыныптың атауына және «Қарап шығу» қойындысында «Мұрағатқа өткізу» пунктіне басу;
- оқу жылының соңғы күнін 31.07.2026 көрсетіп, көшіруді сақтау;
-
әрі қарай, сол сыныптың «Оқушылар» қойындысына кіріп – «Сыныпта болды» пунктіне басу.
Ескерту: Оқушыларды жеке-жеке қалпына келтіру қажет.
Оқушыларды қалпына келтіру үшін:
- оқушының баптауларындағы («қарындаш» белгісіне әлде толық аты-жөніне басу арқылы) «Қарап шығу» қойындысында «Қалпына келтіру» батырмасына басу;
- ағымдағы оқу жылын және сыныпты таңдау;
- ағымдағы оқу жылының басталу күнін көрсете отырып, «Қате салдарынан» қалпына келтіру түрін таңдау;
- жоғарыда сипатталған іс-әрекетті әр оқушымен қайталау қажет.
Назар аударыңыз! Барлық оқушыларды қалпына келтіргеннен кейін 2025-2026 оқу жылына қате аударылған сыныпты, сынып парақшасындағы «Жою» батырмасы арқылы жою қажет.
Comments
Please sign in to leave a comment.