Сыныптарды жаңа оқу жылына ауыстыру. Сыныптарды өңдеу

Назар аударыңыз! «Күнделік» жүйесінің логикасына сәйкес жаңа оқу жылына көшу - 1 тамыз күні өтеді.

  • Өткен оқу жылының басталу және аяқталу күні 01.08.2023 - 31.07.2024.
  • Жаңа оқу жылының басталу және аяқталу күні 01.08.2024 - 31.07.2025.

Жаңа оқу жылын бастамас бұрын сыныптармен жұмыс істеу ережелері

  • Сыныптарды жаңа оқу жылына 1 тамыздан кейін ауыстыру қажет.
  • Алдымен кеткен оқушыларды шығару керек, тек содан кейін сыныптарды келесі оқу жылға ауыстыруға болады. Әйтпесе, кеткен оқушыны шығарған кезде, жаңа оқу жылының сыныбы көрсетіліп тұрады.
  • Сыныптар мен оқушыларды өңдеу құқықтары Әкімші мен «Сыныптар» блогына қолжетімділігі бар Редакторда бар.
  • «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасы параллельді таңдаудың жанында «Түлектер сыныбы» құсбелгісі орнатылған сыныптарда ғана болады.  

  • 2-8 және 10 сыныптарды жалпылама келесі оқу жылға ауыстыруға болады. 

Оқу жылы аяқталғанан кейін барлық сыныптармен келесі әрекеттердің біреуі жүргізілуі қажет:  

  • сыныпты шығару;
  • келесі оқу жылға ауыстыру;
  • «Мұрағатқа» өткізу; 

Сыныптарды бітіргізіп шығару, ауыстыру, мұрағатқа өткізу «Сынып тізімдегі» атауында байқалады:

  • Қара түсті- бітіргізіп шығарылған сынып (11 сыныптар);
  • Сұр түсті- мұрағатқа өткізілген сынып;
  • Көк түсті- белсенді сынып.

Оқушылардың шығып кетуі

Нұсқаулықты қараңыз: Пайдаланушыны қалай мектептен шығаруға / жоюға және «Мұрағатқа» өткізуге болады?

Мүшеліктің аяқталу күні нақты күнге сәйкес келуі қажет және 1 қыркүйектен кешіктірілмеуі тиіс.

Сыныптардың жаңа оқу жылға көшуі тамыз айында болса

0-сыныптар.

Жаңа сынып құрылады (кейбір мектептерде бар). Жаңа сыныпты қалай жасауға болады?

1-сыныптар.  

Жаңа сынып құрылады. Жаңа сыныпты қалай жасауға болады?

2-8 және 10-сыныптар.  

Сыныпты жаңа оқу жылға ауыстырудан бұрын, шығып кеткен оқушыларды мектептен шығару қажет.

9-сыныптар.  9 сыныптарды бітіргізіп шығару туралы бұйрықты жариялағанан кейін, келесі әрекетті жасау керек. 

  • жаңа оқу жылда, жаңадан 10 сыныпты құру керек.
    • «Әкімшілік ету» өту;
    • «Сыныптар тізімі» батырмасын басу;
    • қосқыштың көмегімен 2024-2025 оқу жылға өту;
    • «+» (плюс) батырмасын басу, жаңа сынып құру парақшасы ашылады;
    • сыныптын атын, литерін енгізіп «Сыныпты құру» батырмасын басу. 
  • мектепте қалған оқушыларды жаңа оқу жылға ауыстыру. 
    • «Әкімшілік ету» өту;
    • «Сыныптар тізімі» батырмасын басу;
    • жаңа оқу жылға ауыстырылатын сыныптын үстіне басу; 
    • «2024/2025 оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
    • ауыстыру түрін таңдау: «Таңдалған оқушылар»;
    • 10 сыныпқа өтетін оқушыларды «құсбелгісі» арқылы белгілеу;
    • құрылған 10 сыныпты таңдап бұйрықтын күнің мен нөмерін енгізу;
    • мүшеліктің басталу күні – 01.09.2024;
    • таңдалған оқушыларды жаңа сыныпқа ауыстыру 2024-2025 оқу жылы;
  • кеткен оқушыларды шығару үшін, 9 сыныптың параметрлерін ауыстыру:  
    • «Әкімшілік ету» өту;
    • «Сыныптар тізімі» батырмасын басу; 
    • 9 сыныпты таңдап «Өңдеу» батырмасын басу; 
    •  «Параллель» бағанның жаныңдағы «Түлектер сыныбы» батырмасын басу;

  1. өзгертулерді сақтап, «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасын басу; 
  2. кажет ақпаратты енгізіп, сыныпты бітіргізіп шығару.

Қалпына келтірілген немесе жаңадан келген оқушыларды еңгізу жаңа 10-сыныпта жүзеге асырылады. 

11-сыныптар. 11 сыныптарды бітіргізіп шығару жылдын кез келген кезеңніңде іске асырылады.        11 сыныптарды бітіргізіп шығару туралы бұйрықа қол қойылғанан кейін, сыныптын параметрлеріне өтіп, «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасын басу қажет.  «Сыныпты қалай жоюға болады?»

Назар аударыңыз! Жаңа оқу жылына ауысып, сыныптар бітіргеннен кейін кері әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін емес.

Егер сыныптарды жаңа оқу жылына ауыстыру тамыз айына дейін жүзеге асырылса

Сыныпты жаңа оқу жылына ауыстырған кезде, осы сыныптың ішіндегі оқушыларға жаңа оқу жылының мүшелігінің басталу күні автоматты түрде қойылады. Ал шығарылуы алдыңғы оқу жылынан емес, жаңа оқу жылының сыныбынан жүзеге асырылады.

Оқудан шыққан оқушыларды жою және көшу күндерін реттеу үшін:

  • жаңа сыныптын параметрлеріне өтіп, «Оқушылар» қойындысына өту;
  • кеткен оқушыны «Нақты» түрімен шығарып және мүшеліктің аяқталу күнің  - 01.09.2024 дейін көрсету керек.
  • оқушы шығарылғаннан кейін, сол бетте "сыныпта болды" бөліміне өтіп, бұрын шығарылған оқушының профилін өңдеу батырмасын басыңыз;
  • "Көшу" қойындысын ашып, оқушының мүшелігінің аяқталу күнін көрсетіңіз – 1 тамызға дейін, бұл оқушының тарихы қозғалыс есептерінде көрсетілмеуі үшін.

Мақала: «Оқушының көшуі немесе оқушыны қалай дұрыс ауыстыру, оқудан шығару және тіркеу туралы қысқаша ақпарат»

Назар аударыңыз! Осы әрекет барлық кеткен оқушылармен жасалу тиіс.

Сыныпты ауыстыру және «Мұрағаттан» қалпына келтіру. 

Сыныпты «Мұрағатқа» өткізу, үшін:

  • «Қарап шығу» қойындысын ашу;
  • Экранның оң жағындағы «Шығару» немесе «Мұрағатқа өткізу» сілтемесін басу;

Егер сынып қате шығарылған болса, оны қалпына келтіруге болады. Сыныпты мұрағаттан қалпына келтіру үшін:

  • «Қарап шығу» қойындысын ашу;
  • «Сынып параметрлері» режимінде оң жақтағы «Мұрағаттан қалпына келтіру» сілтемесін басу;
  • қалпына келтіруді растау.

Сыныпты «Мұрағатқа» ауыстыру кезінде барлық қатысушылар білім беру ұйымының парақшасынан шығарылады. Оқушыларды білім беру ұйымына бір-бірден қана қалпына келтіруге болады. Толығырақ келесі мақалада: «Мұрағатқа ауыстырылған пайдаланушыны қалай қалпына келтіруге болады?».

Was this article helpful?
13 out of 13 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.