Сыныпты қалай жоюға, мұрағаттауға және бітіргізіп шығаруға болады?

Сыныпты жою

Сыныпты жою келесі пайданушыларға қолжетімді:

  • «Сыныптар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор; 
  • әкімші.

Сыныпты жою үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміндегі -> «Сыныптар тізімі» пунктіне өту;
  • өшіру қажет сыныпты таңдау (сынып сұр түсті болып тұрса да);
  • «Қарап шығу» қойындысында «Жою» батырмасын басып, жоюды растау қажет.

Егер ескерту шығып кетсе: 

Яғни, сыныпта онымен байланысқан ақпарат бар.

  1. Сыныптағы оқушылар. Оқушыларды шығару үшін, нұсқаулықпен таңысыңыз: Пайдаланушыны қалай мектептен шығаруға / жоюға және «Мұрағатқа» өткізуге болады?
  2. Сабақтар кестесі. Кестені жою үшін, нұсқаулықпен таңысыңыз: Кестені қалай жоюға болады?
  3. Құрылған КТЖ. 
  • КТЖ-ны (Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау) өшіру үшін:
  • «КТЖ» бөліміне өту -> сыныпты таңдау -> пәнді таңдау;
  • КTЖ бетінде «Жариялаудан алып тастау» батырмасын басу қажет. Жариялаудан алынған КТЖ бастаулық күйіне оралады. КТЖ-ны тек бастаулық күйінде жоюға болады;
  • КТЖ негізгі бетіне қайта өтіп, «Жою» батырмасын басу (крест белгішесі);
  • жоюды растау қажет.
Маңызды: Қолдау қызметініңқызметкерлері арқылы кестені алып тастағанда, осы кестеге қатысты барлық ақпарат (сабақтар, бағалар, белгілер, сабақ тақырыптары және үй тапсырмалары) жүйеден біржола жойылады.

Сыныпқа қатысты барлық ақпарат жойылғаннан кейін, сыныпты жүйеден алып тастауға болады.

Сыныпты мұрағаттау

Маңызды: Егер сынып оқу жылының ортасында жабылған болса, сыныпта бұрын қабылданған оқушылардың үлгерім деректерін жоғалтпау үшін сыныпты мұрағатқа өткізу ұсынылады. Бұл жағдайда кестені сабақ тоқтатылған сәттен бастап жою қажет.

Сыныпты мұрағаттағанда, бағалары, журналы, кестесі және басқа да ақпарат сақталады. 

Сыныпты мұрағатқа өткізу үшін: 

  • «Әкімшілік ету» бөліміндегі -> «Сыныптар тізімі» пунктіне өту;
  • мұрағаттқа өткізу керек сыныптың үстіне басу;
  • «Қарап шығу» қойындысының ішінде, «Мұрағатқа өткізу» батырмасын басып әрекетті растау;
  • шығару күнін көрсету (сыныптың нақты жабылу күнін көрсету керек);
  • бұйрықтың нөмерін, түрін және күнін көрсету;
  • қажет жағдайда, балалардың аттестаттың нөмерін белгілеу:

Сыныпты бітіргізіп шығару 

Сыныпты бітіргізіп шығару - бұл сыныпты толығымен жабу және сол сыныптағы оқушыларды бітіргізу. Ол тек 9 және 11 сыныптармен жүзеге асырылады.

Сыныпты бітіргізіп шығару үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміндегі -> «Сыныптар тізімі» пунктіне өту;
  • мұрағаттқа өткізу керек сыныптың үстіне басу;
  • «Қарап шығу» қойындысының ішінде, «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасын басу;
  • шығару күнін көрсету (сыныптың нақты жабылу күнін көрсету керек);
  • бұйрықтың нөмерін, түрін және күнін көрсету;
  • қажет жағдайда, балалардың аттестаттың нөмерін белгілеу:

Was this article helpful?
8 out of 9 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.