«ЭЖК жүргізу статистикасы» есебінде «Ү/Т бар сабақтардың %» көрсеткіші бар, ол келесі жолмен есептелінеді:
- Ү/Т бар сабақтардың % = 100 * (үй тапсырмасы берілген сабақтар саны) / (сабақ кестесіндегі таңдалған уақыт аралығындағы сабақ саны).
Егер «Ү/Т бар сабақтардың %» көрсеткіші 100% төмен болған жағдайда, қызметкер күнтізбелік жоспарлаудың көмегімен есепті құрастыру кезеңіне түскен барлық сабақтарға үй тапсырмасы берілгеннін тексеру қажет.
«Ү/Т бар сабақтардың %» екі жағдайда 100% - ға тең болмауы мүмкін:
- есеп құрастырылған кезеңде алғашқы сабақтар ғана болды;
- есеп құрастырылған кезеңде үй тапсырмасы берілмеген сабақтар болды.
Есептік кезеңдегі алғашқы сабақ
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, демалыс уақытында үй тапсырмасы берілмейді. Сол себепті, егер «ЭЖК жүргізу статистикасы» есебін құрған кезде көрсетілген есептік кезеңге тек бірінші сабақ кіретін болса, «Ү/Т бар сабақтардың %» көрсеткіші 0%-ға тең болады. Алайда мұғалім мен мектеп бойынша «Ү/Т бар сабақтардың %» жалпы көрсеткішіне бірінші сабақтар бойынша 0% мәні әсер етпейді.
Мысалы, мектеп шеңберінде есептік кезең 1 қыркүйектен басталады, ал есепті құрастыру осы айдың бірінші аптасында – 2022 жылдың 1-3 қыркүйек аралығында құрылады. Мұғалімдердің бірі «Математика» пәні үшін 0%, екіншісі «Жаратылыстану» пәні үшін 100% алады.
Тексеру үшін екі мұғалімнің күнтізбелік жоспарын ашамыз.
1-3 қыркүйек аралығында «Математика» пәні бойынша есепте 2-ші қыркүйекте өткен бір ғана сабақ есепке алынады, ал «Жаратылыстану» пәні бойынша-екі сабақ, 1 және 2 қыркүйек айының күндері алынады, оның ішінде екінші сабаққа ҮТ берілген.
Мұғалімдердің екеуінде де 1 және 2 қыркүйек айында берілген сабақтар - тоқсандағы бірінші сабақ болып табылады. Бірақ «Жаратылыстану» пәні бойынша сабақ беретін мұғалімнің есебінде 100%, себебі 1-2 қыркүйек аралығындағы есепте, екінші сабақ болып табылатын 2 қыркүйек күніне ҮТ берілген.
Ал «Математика» пәнінен сабақ беретін мұғалімнің есебі 0%-ды қамтиді, себебі есеп 1-3 қыркүйек аралығында құрастырылады, ал үй тапсырмасы бар екінші сабақ есептің қалыптасқан кезеңіне енбейді: 1-3 қыркүйек аралығы.
Есептік кезеңдегі ең бірінші сабаққа ҮТ берілмейтіндіктен, есептің логикасына сәйкес бұл мұғалімдердің көрсеткіштері әртүрлі. Егер 1-6 қыркүйек аралығында «Математика» пәні бойынша есепті құрастыратын болсақ, онда мұғалім үшін ол 100%-ға тең болатын еді.
Сабақтарды үй тапсырмасының болуына тексеру
Егер сабақ кесте құрылып, сабақ жоспары толтырылғаннан кейін қосылған болса, сабақ парақшасында ҮТ болмайды.
Мысалы, мектепте есеп беру кезеңі 1 қыркүйекте басталады, ал есеп 1-10 қыркүйек аралығында құрылады. Мұғалімнің «Ү/Т бар сабақтардың %» есебінде «Жаратылыстану» пәні бойынша 50% алады.
Тексеру үшін күнтізбелік жоспарлауды ашамыз.
1-10 қыркүйек аралығында 4 сабақ есепке алынады және олардың әрқайсысында келесі сабаққа ҮТ бар. Алайда, мұғалімнің есебі 100%-дан төмен, бұл дегеніміз, осы 4 сабақтың қандай да бір сабағына ҮТ берілмеген.
Бұл сабақты келесі жолдармен табуға болады:
- ҮТ мәтінінің оң жағындағы «көз» белгісіне басу арқылы ҮТ парақшасын тексеру;
- сабақ өткізілген күнді басу арқылы парақшаны тексеру.
Егер «Үй тапсырмалары» блогы бос болса, бұл сабаққа ҮТ берілген жоқ.
Әрбір сабақтың парақшасын, оларды өткізу күніне басу арқылы тексеру қажет.
7 қыркүйекте өткен сабақта ҮТ жоқ. Мұндай жағдай 7 қыркүйек айының сабағын кесте құрылғаннан кейін қосылған жағдайда ғана пайда болуы мүмкін.
2.09 қыркүйектен 8.09 қыркүйекте өтетін сабаққа берілген үй тапсырмасы автоматты түрде 7.09 қыркүйек сабағына көшірілмейді.
Сабаққа үй тапсырмасы «Келесі сабаққа ҮТ қосу» батырмасы арқылы күнтізбелік жоспарлау арқылы ғана қосылады. Оны дұрыс беру үшін алдыңғы сабақтан осы батырманы басу керек, себебі ҮТ әрқашан келесі сабаққа беріледі.
Comments
Please sign in to leave a comment.