Жүйеге оқушылардың, заңды өкілдердің деректері мен олардың байланыс деректері бар тізімдер енгізілгеннен (импорттағаннан) кейін есеп автоматты түрде толтырылады.
Әдепкі түрде есеп ағымдағы күнге жасалады, бірақ күнтізбе арқылы кез келген мұрағат күнін таңдауға болады.
Сүзгілер келесі іс-әрекеттерді қамтиді:
- тізімді нақты сынып бойынша сұрыптау;
- өткен оқу кезеңіндегі оқушылардың мұрағаттық тізімін қарау;
- нақты оқушы мен оның заңды өкілдерінің деректерін табу.
Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:
- оқу жылы;
- сынып;
- уақыт аралығы.
Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:
- оқушының аты-жөні;
- оқушының жынысы;
- оқушының туған күні;
- сынып;
- оқушының туыстарының немесе заңды өкілдерінің аты-жөні;
- туыстарының байланыс деректері: телефон және / немесе email.
Ескерту: «Сынып» бағанында оқушының көрсетілген есептік күндегі сыныбы бейнеленеді. Жасыл қаріппен белгіленген оқушылардың аты-жөндері олардың Kundelik жүйесіндегі жеке парақшаларына апаратын сілтеме болып табылады.
Есептің көрінуі: әкімші, сынып жетекшісі және «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редактор (тек есепті қарау мүмкіндігі бар).
Құрастырылған есепті басып шығаруға немесе Excel форматында экспорттауға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.