«Журналды уақытылы жүргізу» есебі

«Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткіші сабақ өткізілетін күннің 00:00-ден бастап, келесі күннің 13:00-ге дейін мектептің уақыт белдеуі бойынша қойылған немесе өңделген барлық формативті бағалардың жиынтық пайызын көрсетеді (аралық шекарасын қоспағанда).

Ескерту: бағалар уақтылы қойылған деп саналады, тіпті егер:

  • бағалар уақтылы емес қойылды, БІРАҚ уақтылы өңделді;
  • бағалар уақтылы қойылды, БІРАҚ уақтылы емес өңделді.

Критериалды бағалау жүйесі бар сыныптар үшін көрсеткіш қойылған формативті бағаларды тек сабақтағы Жұмыс түрі - «Формативті баға» бойынша ескереді.

w256h2561372777059Exclamation.pngҚалған жұмыс түрлері үшін бағалар есепте ескерілмейді.

Есептік кезең ішінде қойылған бағалар болмаған жағдайда «Журналды уақтылы жүргізу» есебінде «-» (сызықша) көрсетіледі. «Сызықша» мәні есепті құру кезінде деректердің жоқтығын ғана көрсетеді.

«ЭЖК жүргізу статистикасы» есебінің көмегімен көрсеткішті бақылау

Білім беру ұйымының әкімшісі мынадай құралдардың көмегімен «Журналды уақтылы жүргізу» көрсеткішінің деңгейін бақылай алады:

«ЭЖК жүргізу статистикасы» есебі. Мектеп есебінің көмегімен күн сайын «Журналды уақтылы жүргізу» көрсеткішін тексеруге болады. Егер бір жерде қате анықталса, онда көрсеткіші төмен мұғалімнің атына басу қажет. Сол кезде «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мұғалім» есебі ашылады. Осы есеп бойынша қай журналда қате жіберілгенін анықтауға болады.

Есепті қалыптастыру кезеңі ретінде жексенбіден сенбіге дейінгі аптаны таңдау ұсынылады, өйткені Белсенділік бақылауы туралы есеп осы кезеңде аптасына бір рет жаңартылады.

«Өзгертулер тарихы: Журнал» есебі. Осы есепті қолдана отырып, қандай бағалар уақтылы қойылмағанын анықтауға болады (сабақ өткізілетін күні емес немесе белгіленген уақыттан кейін).

Баға қойылу уақытын «Сабақ № / Күні» бағанындағы күндерді және тақырыпты (ақ фон мен күн ұяшықтары) салыстыру арқылы анықтауға болады.

Was this article helpful?
14 out of 18 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.