Есеп ұйым парақшасына енгізілген келесі мәліметтер негізінде автоматты түрде толтырылады:
- ББМ-ң толық және қысқаша атауы, ұйым формасы, типі және түрі («Әкімшілік» бөліміндегі «Параметрлер» блогында - «Ұйым туралы» өрісінде толтырылады);
- мекен-жай («Әкімшілік» бөліміндегі «Анықтамалар» блогында - «Ғимарат» өрісінде толтырылады);
- лицензия және мемл. аккредитация туралы куәлік реквизиттері («Әкімшілік» бөліміндегі «Параметрлер» блогында - «Қосымша мәліметтер» өрісінде толтырылады);
- директордың Аты-жөні және лауазымының толық атауы (Әкімшімен басшының жеке парақшасына енгізіледі);
- телефон нөмірлері, электрондық пошта, веб-сайт мекен-жайы («Әкімшілік» бөліміндегі «Параметрлер» блогында - «Байланыс деректері» өрісінде толтырылады);
- оқушылар мен мұғалімдердің жалпы саны («Оқушы» және «Мұғалім» рөлдеріндегі адамдар мен пайдаланушылар саны автоматты түрде ұйым парақшасында есептеледі).
Ескертулер:
- Егер ұйым басшысының парақшасында «Лауазымның қоғамдық атауы» өрісінде ақпарат болмаса, онда есепте «Басшының лауазымы» бағанында автоматты түрде «Директор» көрсетіледі.
- «Мұғалімдер» бағанында, парақшасында төменде көрсетілген параметрлер бойынша қызметкерлер ескеріледі:
- лауазымы: «Педагогикалық қызметкер»;
- біліктілігі: «Педагог-модератор», «Педагог-сарапшы», «Педагог-зерттеуші», «Педагог-шебер», «Ең жоғарғы санат», «1-санат», «2-санат», «Санатсыз» (қызметкердің жеке деректерін өңдеу кезінде «Адамдар» блогына толық қол жетімді әкімші немесе редактор көрсетеді).
- Сыныптарды білім деңгейі бойынша бөлу сынып баптауларында параллельді дұрыс көрсеткен жағдайда автоматты түрде жүргізіледі. Әрі қарай сыныптың параллелі туралы толығырақ ақпарат - «Параллель деген не және оны қалай өңдеуге болады?» мақаласында сипатталған.
Есептің көрінуі: барлық қызметкерлерге.
Comments
Please sign in to leave a comment.