Егер «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мектеп» есебінде «Мұғалім жоқ» жолы көрсетілсе, бұл мектептің сынып кестесінде мұғалім тағайындалмаған сабақ / сабақтар бар екенін білдіреді.
Бірінші әдісі. Қай сабақта қате жіберілгенін түсіну үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- есепте «Мұғалім жоқ» деген жазуға басу;
- ашылған бетте «Есепті құрастыру» батырмасына басу.
«ЭЖК жүргізу статистикасы: Мұғалімдер» есебі ашылған кезде, онда сабақ кестесінде мұғалім көрсетілмеген сынып, пән және сынып қатысушылары көрсетіледі.
Назар аударыңыз! Есепті құру барысында мұғалімі жоқ сабақтарды тезірек табу үшін таңдалған уақыт аралығын мүмкіндігінше қысқарту ұсынылады.
Кестені түзету үшін:
- «Мектеп» - «Кесте» бөліміне өту;
- қажетті сыныпты таңдау;
- «Толық кезең бойынша кестені» ашу;
- мұғалім көрсетілмеген сабаққа тінтуір меңзерін апарып, қарындашқа басу;
- қажетті мұғалімді көрсету;
- «Белгілемеу (қатені түзету және т.б.)» дегенді таңдау;
- өзгерістерді сақтау.
Мұғалім бұрын болмаған сабақтарға тағайындалғаннан кейін, есепті қайта құру қажет және мұғалімі жоқ сабақтар қалмағанына көз жеткізу керек.
Ескерту: егер мектеп кестесінің барлық сабақтарында мұғалімдер көрсетілсе, «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мектеп» есебінде «Мұғалім жоқ» жолы көрсетілмейді.
Екінші әдісі. Мұғалімнің жоқтығын басқа жолмен де тексеруге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- «Кесте» - «Мұғалім» бөліміне өту;
- оң жақта «Барлық мұғалімдер бойынша кесте торы» батырмасына басу;
- ашылған бетте есептегі «Мұғалім жоқ» көрсетілетін қажетті аптаны, оқу жылын, сыныптарды және кезеңді көрсету қажет;
- мұғалімдер тізімінің соңына түсу;
- мұғалімнің аты-жөні жоқ бос ұяшық болған жағдайда, оңға жылжып, осы бос ұяшыққа қарама-қарсы көрсетілген барлық сабақтарды қарау керек. Осылайша, мұғалім көрсетілмеген сабақтардың нақты күндері көрінеді.
Сабақтар табылғаннан кейін сынып кестесіне тиісті түзетулерді енгізу қажет.
Comments
Please sign in to leave a comment.