Пәндерді мұрағаттау

2022-2023 оқу жылынан бастап kundelik.kz жүйесінде пәндерді мұрағатқа жіберу мүмкіндігі іске асырылды.

Пәндер тізіміне өткен кезде, жоғарғы оң жақ бұрышта «Пәнді қосу» батырмасының жанында «Мұрағатталған пәндерді көрсету» мәні болады.

Бұл функция мектеп әкімшілеріне пәндермен жұмыс жасау кезінде:

  1. Өткен оқу жылдарындағы, қазіргі оқу жылында өзектілігі жоқ пәндерімен жұмыс жасамау үшін қосылды.
  2. «Өзін-өзі тану» сияқты немесе осы жылы өтілмейтін, қажеті жоқ пәндер мұрағатқа көшірді. 

Пәндерді мұрағаттау мектепке ағымдағы оқу жылында сабақ кестесімен байланысты өткен жылдардағы пәндерді жоймай, тек қажетті пәндер қалатындай етіп, пәндер тізімін өңдеуге мүмкіндік береді.

Пәнді қалай мұрағаттауға болады?

Пәнді мұрағатқа ауыстыру үшін:

  • пәндер тізіміне өту («Мектеп» -> «Менің мектебім» -> бұранда кілт -> «Пәндер»);
  • мұрағатқа аударылатын пәнді таңдау;
  • пәннің атауына басу;
  • пәннің параметрінде «Мұрағатталған» құсбелгімен белгілеу:

  • өзгерістерді сақтау.

 Мұрағаттағы пәнді кесте жасау кезінде қолдануға болмайды. Сондай-ақ мұрағаттағы пән бойынша КТЖ жариялауға болмайды.

Мұрағатталған пәнді алып тастау үшін кері әрекеттерді орындау және өзгерістерді сақтау қажет.

Егер пән мұрағаттан алынбаса не істеу керек?

«Мұрағатталған пәндерді көрсету» батырмасын басқан кезде тізімде мұрағаттық пәндер болады - бұл параметрлерінде бағалау түрі - сынақ (тоқсан / жартыжылдық) таңдалған пәндер. Бұл пәндерді мұрағаттан алып тастауға болмайды. 

Журналдың әмбебап көрінісі автоматты түрде таңдалатын жаңа пән жасау керек, ол үшін:

  • жаңа пәнді жасау;
  • жаңа пәннің қысқаша атауында, ескі пәннен бір ерекшелік болу керек ( қысқаша атауына символ немесе тыныс белгісін қоюға болады);

Was this article helpful?
17 out of 31 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.