Кестені қалай өңдеуге болады?

Жарияланған кестені өңдеуге болады. Кестені өңдеуге келесі пайданушыларға қолжетімді:

  • «Кесте» блогына толық қолжетімділігі бар редактор;
  • әкімші.

Кесте сызбасы жарияланғаннан кейін сабақ деректерімен жұмыс (сабақты қосу, өңдеу және сабақтың болдырмауы) есептік кезеңге арналған кесте торында тікелей жүргізіледі.

Сабақ туралы ақпаратты өңдеуге көшу үшін қажет:

  • осы сабаққа меңзерді апарған кезде қалқымалы терезеде пайда болатын «қарындаш» белгішесіне басу;
  • ашылған терезеде өзгерту керек сабақ параметрлерін таңдау.

Сабақты өзгертудің екі нұсқасының біреуін таңдау:

  • Белгілемеу (қатені түзету және т.б.). Бұл нұсқада сабақ туралы ақпараттың өзгеруі сабақты ауыстыру/кейінге ауыстыру ретінде белгіленбейді, бірақ кез-келген жағдайда пайдаланушы күнтізбелерінде нақты көрсетіледі;  
  • Ауыстыру / кейінге ауыстыру ретінде таңдау. Сабақ туралы ақпараттың өзгертілуі
    пайдаланушылардың жеке күнтізбелерінде көрінеді, сабақ жүйеде жоспардан
    тыс болып тіркеледі;
  • «Сақтау» батырмасын басу.

Кестедегі елеулі өзгерістер кезінде кесте сұлбасын өңдеп, өзгерістер күшіне енген аптадан бастап оны жариялау ұсынылады.

Қажет болған жағдайда, кесте торын алдын-ала тазалап алу керек, егер жойылған сабақтармен байланысты бағалар мен үй тапсырмалары болмаса.  

Назар аударыңыз! Кесте сұлбасы негізгі кестенің бос ұяшықтарына жариялануы керек, әйтпесе сұлбаға енгізілген өзгерістер негізгі кестеде пайда болмайды. Кестені тазарту сабаққа қатысты барлық деректерді жоюды қамтитынын ескеріңіз: олар туралы жалпы ақпарат, бағалар, қатысу белгілері, үй тапсырмалары және түсініктемелер. 

Сабақты болдырмау немесе жою үшін:

  • осы сабаққа тінтуірді апарған уақытта қалқымалы терезеде пайда болатын «минус» белгісіне
    басу;
  • қажетті нәтижеге байланысты «Сабақты кейінге қалдыру» бастырмасына немесе «Сабақты
    жою» басырмасына басу; 
  • таңдалған әрекетті растау.

Ескерту: сабақты кейінге қалдыру пайдаланушы күнтізбелерінде көрсетіледі және жүйеде жазылады

Сабақты жойған кезде онымен байланысты барлық ақпарат (бағалар, қатысу белгілері, түсініктемелер, сабақ тақырыбы және т.б.) қайтарымсыз жойылады.

Кейінге қалдырылғанған сабақ кестеде және күнтізбелік жоспарлауда қызыл түспен ерекшеленеді. Алайда журналда жойылған сабақ жасырылады.

Сабақты кейінге қалдырған кезде үй тапсырмасын қайта берудің қажеті жоқ, кейінге қалдырылған сабақтан үй тапсырмасы автоматты түрде кестеде көрсетілген жоспарланған күн бойынша келесі сабаққа беріледі. 

Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.