Пәнді қалай құруға және қосуға болады? Пәнді қалай өңдеуге немесе жоюға болады?

«Пәндер» анықтамалығының деректерін өңдеу үшін, «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп,  «Анықтамалықтар» блогында «Пәндер» қойындысына басу қажет.

Пәндердің тізімін кез келген уақытта кеңейтуге болады, сондай-ақ пәнге қатысты ақпаратты өңдеуге немесе жоюға болады.

Келесі құқықтары бар қызметкерлер пәндер тізіміне өзгерістер енгізе алады:

  • «Анықтамалықтар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор;
  • әкімші.

Жаңа пәнді қосу / құру

Жаңа пәнді қосу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Анықтамалықтар» блогында «Пән» сілтемесіне басу»;
  • ашылған бетте парақшаның үстінгі бұрышында «Пәнді қосу» сілтемесін басу;
  • қысқаша (кестеде шығу үшін) және толық атауды енгізу;
  • келесі параметрлерді белгілеу:
    • ҰБДҚ пәннің атауы; 
    • Білім саласы;
  • пәннің, үлгерімі және белсенділік есептерінде көріну деңгейін көрсету көрсетпеуін таңдап шығу қажет.

  • «Жасау» батырмасын немесе «Жасау және тағы қосу» батырмасын басқанда деректерді енгізуді жалғастыру қажет.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жүйеде пәндердің қысқаша атауы қолданылады. Журналдың есептерін, үлгерім табельдерін және баспа нұсқаларын қалыптастыру кезінде пәндердің толық атауынан алынған пәндердің атаулары пайдаланылады.

Ескерту: пәндердің Бірыңғай анықтамалығында жоқ пәндер үшін «Басқа» білім беру саласын пайдалану қажет.

Пән жататын білім беру саласы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетілуі тиіс.

Үлгерім табелін және журналдың баспа нұсқасын басып шығару кезінде пәндер келесі реттілікке сәйкес әліпбилік тәртіп бойынша шығарылады:

  • Тіл және әдебиет;
  • Математика және информатика;
  • Жаратылыстану;
  • Адам және қоғам;
  • Технология және өнер;
  • Дене шынықтыру;
  • Басқа.

МАҢЫЗДЫ: егер параметрлерде пәндердің Бірыңғай анықтамалығы мәні болмаса, инвариативті компонент сыныптары үшін мектептің барлық сыныптары үшін сабақ кестесін құру мүмкін болмайды.

«Пәндердің бірыңғай анықтамалығы» бөліміндегі пәндер тізбесі Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі, орта және жалпы білім берудің бекітілген үлгілік оқу жоспарларындағы пәндер тізбесіне сәйкес келеді. 

МАҢЫЗДЫ: есептерді, үлгерім табельдерін және журналдың баспа нұсқаларын қалыптастыру кезінде пәндердің атаулары - «Пәндердің бірыңғай анықтамалығынан» алынады. Пәнді құру / өңдеу кезінде осы факторды ескеру қажет. ПБА параметрін дұрыс орнатпау - пәндердің тізімде қайталануына және / немесе «Үлгерім» есебінде және журналдың баспа нұсқасында пәндер атауының қате көрсетілуіне алып келеді.

Пәнді өңдеу

Жаңа пәнді өңдеу үшін:

  • «Анықтамалар» блогында «Пән» сілтемесіне басу»;
  • ашылған бетте тізімнен өзгерістерді қажет ететін пәнді тауып, оның атауына басу;
  • тиісті өрістерге өзгерістер енгізу;
  • өзгерістерді сақтау.

Ескерту: егер пән ендігәрі өтілмейтін болса, онда оны жоймай «Мұрағатталған» деген параметрге құс белгісін қою арқылы пәнді мұрағатқа жіберуге болады. Қажет болған жағдайда құс белгісін қайта алып тастауға болады.

Пәнді жою 

Пәнді жою үшін:

  • «Анықтамалар» блогында «Пән» сілтемесіне басу»;
  • ашылған бетте тізімнен жоюды қажет ететін пәнді тауып, оның атауына басу;
  • пәннің парақшасында «Пәнді жою» батырмасын басу;
  • жоюды растау.

Ескерту: егер пәннің ағымдағы немесе өткен оқу жылдарында онымен байланысты ақпараты (сабақтар, бағалар, белгілер, сабақ тақырыптары және үй тапсырмалары) бар болса, онда пәнді жою тек қолдау қызметінің қызметкерлерімен директордың қолы және білім беру ұйымының мөрі қойылған ресми сұрау бойынша ғана мүмкін болады.

МАҢЫЗДЫ: қолдау қызметінің қызметкерлері арқылы пәнді жою барысында осы пәнге байланысты барлық ақпарат (сабақтар, бағалар, белгілер, сабақ тақырыптары және үй тапсырмалары) жүйеден біржола жойылады.

Ешқандай ақпаратпен байланыспаған пәнді жою:

Белгілі бір ақпаратпен байланысқан пәнді жою:

Байланысты ақпараты бар пәнді жою үшін мектеп қызметкерлері Қолдау қызметіне хабарласуы қажет.

Was this article helpful?
1 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.