Жүйеде мереке күндерін және/немесе актіленген күндерді көрсету үшін:
Әкімшілерге
Әкімшілерге сынып кестесіне сабақтарды ауыстырудың немесе жаңа сабақтарды қосудың қажеті жоқ.
Мереке күндері басталған кезде сол мереке күндеріне түскен сабақтардың сабақ тақырыптары басқа сабаққа ауыстырылады.
Жүйеде мереке күндерін көрсету үшін:
- «Әкімшілік ету» парақшасындағы «Есептік кезеңдер» бетіне өту;
- есептік кезеңді таңдау (атауына басу);
Мереке күндері барлық сыныптарға таралады, сондықтан мектептің барлық есептік кезеңдері үшін рәсім жасалуы керек.
- «Мерекелік күндер» қойындысына басу;
- күнтізбедегі күндерді мерекелік ретінде белгілеу:
- өзгертулерді енгізгеннен кейін сақтау әдісін таңдау:
- ;
- 2024/2025 оқу жылының барлық есептік кезеңдері үшін;
- таңдалған кезеңдер үшін;
- сақтау.
Әрі қарай, мектептегі кестені бақылау ұсынылады:
- барлық сыныптарда мереке күндері орнатылғанын тексеру;
- егер оқу күні басқа күнге ауыстырылса (демалыс күніне):
- осы күнге сабақтарды қосу;
- мектеп қызметкерлеріне мереке күндеріне түскен сабақтарды ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлау.
Ескерту: мереке күндерін ауыстыру туралы ақпаратты мектептің басқарушы ұйымынан нақтылау қажет.
Мұғалімдерге
Мектеп әкімшілігі мереке күндеріне түскен сабақтарды ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлағаннан кейін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
- «Күнтізбелік жоспарлау» бөліміне өту;
- 2 тақырып өткізілетін күннің сабақ тақырыбына басу;
- ұсынылған нұсқалардың бірімен сабақтың екінші тақырыбын көрсету:
- Тақырып-1 / Тақырып-2;
- Тақырып-1 / Тақырып-2 (мерекеге түскен күнді қою);
- Тақырып-1 / Тақырып-2 (бұйрықтың нөмірі);
- сабақтың тақырыбына өзгерістерді енгізіп, сақтау.
Ескерту: Егер сыныпта КТЖ жарияланған болса, онда оны жариялаудан алып тастап, жоғарыда көрсетілген нұсқау арқылы тақырыпты өңдеу қажет.
Қажетті деректемелерді енгізгеннен кейін, КТЖ-ны қайта жариялап, кесте бойынша үлестіру қажет.
Назар аударыңыз! Бұл процедура Үй тапсырмаларымен де жүзеге асырылады.
Comments
Please sign in to leave a comment.