Сабақ кестесін жою сабаққа қатысты барлық деректерді жоюды қамтиды: сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, қатысу белгілері, үй тапсырмасы және пікірлер.
Кестені жоюға келесі пайданушыларға қолжетімді:
- «Кесте» блогына толық қолжетімділігі бар Редактор құқықтары бар қызметкерлер;
- Әкімші.
Растау сұрауында кестені және онымен байланысты деректерді жою үшін жеке құпиясөзді енгізу қажет.
Kundelik.kz жүйесінде, егер өткен кезеңдегі кестеде онымен байланысты ақпарат (сабақтар, бағалар, белгілер, сабақ тақырыптары және үй тапсырмалары) болса, әкімшілерінің сабақ кестесін жою мүмкіндігі шектелген. Тоқсандық немесе жылдық кестені алып тастау қажет болса тек ресми сұрау бойынша ғана Қолдау қызметінің қызметкерлері жоя алады.
Қолдау қызметімен байланыс деректері:
- team@kundelik.kz;
- 8 (727) 313-18-32.
Сұраныс жіберілген хатта келесі ақпарат көрсетулуі керек:
- сыныптың атауы / атаулары;
- кестені жою қажет уақыт аралығы;
- сұраныс берушінің толық аты-жөні және лауазымы;
- мектеп БСН-і;
- мектеп әкімшілігі тарапынынан кестені жоюға келісім мәтіні.
Маңызды: Қолдау қызметінің қызметкерлері арқылы кестені алып тастағанда, осы кестеге қатысты барлық ақпарат (сабақтар, бағалар, белгілер, сабақ тақырыптары және үй тапсырмалары) жүйеден біржола жойылады.
Ешқандай ақпаратпен байланыспаған кестені жою:
Белгілі бір ақпаратпен байланысқан кестені жою:
Назар аударыңыз! Қолдау қызметкерлері арқылы кестені жойған кезде осы кестеге қатысты барлық ақпарат (сабақтар, бағалар, белгілер, сабақ тақырыптары және үй тапсырмалары) жүйеден біржола жойылады. Кестемен байланысты ақпаратты жоюға әкелетін салдар үшін барлық жауапкершілік білім беру ұйымының қызметкерлеріне жүктеледі.
Кестені өңдеу керек болса, әр сабақты жеке жою керек.
Comments
Please sign in to leave a comment.