Kundelik.kz жүйесінде кестені бірнеше жолмен жасауға болады:
- сабақтарды түрлендіргіш көмегімен;
- сабақты нүктелі қосу.
Кестені құру үшін «Мектеп» бөлімінде «Кесте» қойындысына өтіп, қажетті сыныпты таңдау керек.
Кестені жасамас бұрын, сынып параметрлерінде келесі шарттар орындалуы керек:
- есептік кезеңді белгілеу. Есептік кезеңнің параметрлері туралы толық ақпарат мақалада сипатталған: «Әр түрлі сыныптар үшін есептік кезеңдерді жасау».
- пәндерді белгілеу - пәндерді қосу және өңдеу туралы толық ақпарат келесі мақалада сипатталған: «Пәнді қалай құруға және қосуға болады? Пәнді қалай өңдеуге немесе жоюға болады?».
Кестені құру және өңдеу келесі пайданушыларға қолжетімді:
- «Кесте» блогына толық қолжетімділігі бар редактор;
- әкімші.
Кесте құру: сабақтарды түрлендіргіш және сабақты нүктелі қосу
Сабақ кестесін құру үшін:
- «Мектеп» бөліміне өтіп, «Кесте» қойындысын таңдау;
- кесте жасалатын қажетті сыныпты таңдау.
Әдепкі түрде ағымдағы аптада сабақ кестесі бар бет ашылады. Кестемен жұмысты бастау үшін:
- «Сабақтарды түрлендіргішке» өту;
- «Кестенің жаңа сұлбасы» сілтемесін басу;
- кесте сұлбасының атын енгізіп, «Жасау» түймесін басу. Апта кестесі бар бет ашылады, оны сабақтармен толтыру қажет.
Ескерту: сабақтарды түрлендіргіштің атауы әр тоқсан үшін журналда жарияланады. Әр тоқсан үшін жеке сабақтарды түрлендіргіш құру ұсынылады, өйткені журналдың баспа нұсқасында сабақ түрлендіргіштің ақпараты көрсетіледі.
Сабақтарды түрлендіргішті толтыру үшін:
- меңзерді сұлбаның бос ұяшығына апарып, пайда болған «қосу» белгішесін басу;
- «жаңа сабақ жасау» қалқымалы терезесінде сабақ бойынша қажетті деректерді көрсету (пән, оқу тобы, мұғалімдер және кабинет);
- «Жасау» немесе «Жасау және тағы қосу» батырмасын басу.
Апта күні мен сабақ нөмірі «Қосу» белгісін қандай ұяшықта басылғанына байланысты автоматты түрде қойылады. Қажет болған жағдайда, бұл сабақты өңдеу мүмкіндігі бар және сабақты басқа ұяшыққа ауыстырылуы мүмкіндігі бар.
Бір ұяшықта бірнеше сабақ жасау үшін:
- алғашқы жасалған сабақ туралы ақпарат астында «қосу» белгісіне басу;
- қалқымалы терезеде сабақ бойынша қажетті деректерді көрсету және қолжетімді оқу тобын таңдау;
- «Жасау» немесе «Жасау және тағы қосу» түймесін басу.
Ескерту: белгіше сабаққа бүкіл сынып емес, оқу тобы қатысқан жағдайда ғана белсенді болады. Таңдалған ұяшыққа сабақ қосу мүмкіндігі осы пән бойынша барлық оқу топтары қатысқанға дейін сақталады.
Бір пәннің сабағын қайта жасамау үшін, оны сабақтарды түрлендіргіш кеңістігінде көшіріп алуға болады. Ол үшін:
- сабақ туралы ақпараттың сол жағындағы «Көшіру»белгішесін басу;
- бұдан әрі ақпаратты көшіру қажет ұяшықтарға белгі қойып, «Көшіру» батырмасын басу керек. Ашылған бетте хабарламада қанша сабақ көшірілгені көрсетіледі.
Сабақтың деректерін өңдеу үшін сызбада оның атауына немесе осы сабаққа жүгіргіні апарғанда пайда болатын «қарындаш» белгісіне басу керек. «Сабақты өңдеу» терезесі ашылады. Деректерді өзгерту аяқталғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу керек.
Сабақтың деректерін жою үшін, сабаққа жүгіргіні апарғанда пайда болатын «қызыл дөңгелек» белгішесін басу қажет.
Толтырылған кесте сұлбасын батырманы басу арқылы жариялау керек, бұл жағдайда кесте жарияланатын аптаның құсбелгілерін атап өту керек.
Жарияланған сабақ кестесі негізінде сынып үшін автоматты түрде:
- пайдаланушы күнтізбелері;
- сабақ парақшалары;
- журналдар;
- оқушылардың күнделіктері;
- мұғалімдерге арналған кестелер;
- мұғалімге белгілі бір журналды, сабақ беттерін өңдеу құқығын беретін «мұғалім -> пән -> сынып» үштік байланысы.
Ескерту: сабақты құру кезінде, сабақты жүргізетін пән мұғалімін көрсету қажет. Егер мұғалім кестеге тағайындалмаса, онда ол пән журналын толтыра алмайды.
Кестені жою және өңдеу туралы келесі мақалалардан білуге болады:
Қосымша қойындылар
Сабақ кестесі қызметкерлерге «Мектеп» / «Кесте» бөлімінде қолжетімді. Бөлімге өткененнен кейін кесте беті ашылады, оған келесі қойындылар кіреді:
- «Сыныптар» қойындысында - кестені көруге болатын сыныптар тізімі көрсетіледі.
- «Мұғалімдер» қойындысында - мұғалім және оның апталық кестесі бейнеленеді. «Барлық мұғалімдер бойынша кесте торы» батырмасын басқан кезде жаңа бет ашылады, онда таңдалған аптада барлық мұғалімдер бойынша кесте көрсетіледі.
Сабақ кестесін жариялау кезінде мұғалім сабақ параметрлерінде мұғалім тағайындамайтын жағдайлар болады.
Мұғалімнің қай сабақта көрсетілмегенін анықтау үшін:
- «мұғалімдер» қойындысын таңдау;
- «барлық мұғалімдер үшін кесте торы» батырмасын басу;
- сабақ тізімінен төмен түсу;
- жоқ тақырып жолында мұғалім таңдалмаған сабақтар бар.
Мұғалімді тағайындау үшін тінтуір курсорын тақырыптың атауына апарып, «қарындашты» басу керек. Содан кейін мұғалімді көрсетіп, «белгілемеу» (қатені түзету және т.б.) таңдау арқылы өзгерістерді сақтау керек.
Әдепкі бойынша, ағымдағы аптадағы бүкіл білім беру ұйымы үшін кесте торы көрсетіледі. Күнтізбені пайдаланып, көрсету үшін кез-келген аптаны таңдауға болады.
Сіз мақалада бірден бірнеше сабақты ауыстыру, бас тарту және жою туралы келесі мақала арқылы біле аласыз «Мұғалімді жаппай ауыстыру және кестеден сабақтарды жою / болдырмау».
- «Сабақтар» қойындысында - таңдалған сүзгілер бойынша сабақтар тізімі көрсетіледі.
- «Кабинетте» қойындысында - жалпы білім беру ұйымының таңдалған кабинетінде сабақтар тізбесі көрсетіледі.
- «Қоңыраулар» қойындысында - жасалған барлық қоңыраулар кестелерінің тізімі көрсетіледі.
Comments
Please sign in to leave a comment.