«ЭЖК жүргізу статистикасы: ұйым» есебі
«ЭЖК жүргізу статистикасы: Мектеп» есебі нақты уақыт аралығында журналдарды жүргізуді және күнтізбелік жоспарлауды толтыруды бақылауға және талдауға мүмкіндік береді.
Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:
- оқу жылы;
- уақыт аралығы;
- көрсеткіштер параметрлері:
- «Тақырыптарды толтыру %»;
- «Жоспарлауды жүргізу %»;
- «Журналды жүргізу %».
Көрсеткіштердің келесі мәндері болуы мүмкін:
-
- «кез келген» - барлық қызметкерлер бойынша толтырудың кез келген % (100% және 0% қоса алғанда);
- «100%» - көрсеткіш бойынша 100% толтырумен барлық қызметкерлер;
- «0%» - көрсеткіш бойынша 0% толтырумен барлық қызметкерлер.
Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:
Кесте №1
- білім беру мекемесі;
- тақырыптарды толтыру %;
- жоспарлауды жүргізу %;
- журналды жүргізу %.
Кесте №2
- барлық қызметкерлердің аты-жөндері;
- қызметкердің тақырыптарды толтыру %;
- қызметкердің жоспарлауды жүргізу %;
- қызметкердің журналды жүргізу %.
Ескерту: қызметкердің аты-жөнін басу барысында «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мұғалімдер» есебіне көшуге болады.
Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:
- тақырыптарды толтыру % = (толтырылған тақырыптар саны) * 100% / жалпы сабақтардың саны.
- жоспарлауды жүргізу % = 100 * (ең кемінде бір ҮТ берілген сабақтардың саны немесе сабақ тақырыбы толтырылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны).
- журналды жүргізу = 100 * (таңдалған кезеңдегі ең кемінде бір баға, сабақтан қалу туралы белгі, сабаққа берілген түсінік, сабақ өткізілгені туралы қанат белгісі қойылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақ кестесіндегі сабақтар саны).
Есепте көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.
«ЭЖК жүргізу статистикасы: мұғалімдер» есебі
Есеп сабақ беретін белгілі бір қызметкердің нақты уақыт аралығына пән журналын және күнтізбелік жоспарлау жүргізуді бақылауға және талдауға мүмкіндік береді.
Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:
- оқу жылы;
- уақыт аралығы;
- мұғалімнің аты-жөні.
Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Ескерту: егер қызметкердің аты-жөні көрсетілмесе, есеп қалыптастырылмайды!
Comments
Please sign in to leave a comment.