ҚББ ұйымында сабақ кестесін қалай жасауға болады?

Құрылған ҚББ тобының кестесіне өтуге болады:

  1. Негізгі панельде «ҚББ» блогын, содан кейін «Кесте» батырмасын басып, қажетті топты таңдау қажет, сол топтын сабақ кестесі ашылады.
  2. «Ұйымға әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Топтар тізімі» батырмасына басу қажет. Таңдалған топтың атауын және «Қарап шығу» қойындысына басу керек, ашылған бетте «Кесте» түймесінн басу қажет.
  3. «Ұйымға әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Сабақ» батырмасын басу.

Кестені қалай құруға болады?

Таңдалған кезеңге сабақтарды нүктелік (жаппай емес) қосу үшін:

  • «Кезеңді таңдау» батырмасы арқылы күнтізбедегі күнді көрсете отырып, қажетті аптаны таңдау;
  • апталар арасында көшуге арналған «көрсеткішіті» қолдану арқылы қажетті аптаны таңдауға болады (ағымдағы апта әдепкі бойынша таңдалады);

Кестеде сабақты бос ұяшыққа апарған кезде пайда болатын батырманы пайдаланып қосуға болады:

Егер сабақтар саны көрсетілген жолдар санынан асып кетсе, мысалы, 5-ші сабақты енгізу керек, онда «Жолды қосу» батырмасын пайдалану қажет. Сабақтар енгізілетін жаңа жол қосылады, жолдардың максималды саны - 12.

Батырманы басқаннан кейін сабақ құру терезесі пайда болады, курсивпен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы керек.

Сабақтың уақыты үйірме / факультатив бойынша уақыттың мүмкін болатын айырмашылықтарына байланысты әрбір сабақ үшін жеке көрсетіледі.

Балаларға қосымша білім беру ұйымында (ҚББ) - қоңырау кестесі қарастырылмаған.

Таңдалған кезеңге сабақтарды жаппай (нүктелі емес) қосу үшін:

  • апта бойына сабақ кестесін нүктеліп қосу;
  • кестеде сабақ жасалғаннан кейін ғана пайда болатын «Көшіру» батырмасын басу;

  • ашылған терезеде кестені көшіру жоспарланған кезеңді таңдау.

Содан кейін бұрын таңдалған оқу кезеңі аясында кесте жарияланатын апталарды таңдау:

Назар аударыңыз! ҚББ-да белгіленген мереке күндері және демалыс кезеңдері бар есептік кезең қарастырылмаған. Сол себепті, таңдалған кезең үшін кестені жариялау кезінде демалыс және мереке күндерін ескеру қажет.

Кестені қалай жоюға болады?

Сабақты кестеден өшіру үшін:

  • топтың сабақ кестесін ашып, қажетті уақыт кезеңін таңдау;
  • тінтуір меңзерін сабақ үстіне апарып, батырмасын басу қажет;
  • жоюды растауды сұралатын терезе пайда болады;

Назар аударыңыз! Сабаққа қатысты барлық деректер біржола жойылады.

Арнаулы бір уақыт аралығындағы сабақ кестесін жою үшін:

  • топтық кестені ашып, «Кезеңді таңдау» батырмасын басу арқылы қажетті уақыт кезеңін таңдау;
  • «Барлығын тазарту» батырмасына басу;
  • жоюды растауды сұралатын терезе пайда болады;
  • кіріп отырған парақшаның ағымдағы құпиясөзін енгізу керек.

Назар аударыңыз! Сабаққа қатысты барлық деректер біржола жойылады.

Was this article helpful?
4 out of 4 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.