Қосымша білім беру (ҚББ) ұйымдары үшін тақырыптық жоспарлаудың импорты

Файлды импорттау үшін дайындау

Импорттауды бастау үшін xls (Microsoft Excel 97-2003) және xlsx (Microsoft Excel 2007-2014) форматындағы файлдарды алдын-ала дайындау қажет. Ол алдын-ала экспортталып алынуы мүмкін.

Файлда келесідей деректер болуы мүмкін:

  • сабақ күні (кк.аа.жжжж форматында көрсетіледі. Мысалы, 01.09.2021);
  • сабақтың реттік нөмірі (осы күні өткізілетін);
  • сағат саны;
  • сабақ тақырыбы;
  • келесі сабаққа берілетін үй тапсырмасы.

w256h2561372777059Exclamation.pngСабақтың реттік нөмірі бір оқу күні шеңберінде көрсетіледі. Әрбір келесі күн үшін сабақтың нөмірі 1-ден басталады. Егер бір күнде бір пән бойынша бірнеше сабақ өтетін болса, онда әрбір жаңа күннен бастап олардың реттік нөмірлері 1, 2 және т.б. болады.

Файлда сабақтың барлығы болуы міндетті емес.

Сабақ жоспары файлының мысалы:

Ескерту: бағандар атауы міндетті емес. Күнтізбелік жоспарлауды импорттау мысалы мақалада бекітілген.

Импорттау

Импорттауға өту үшін, көк ленталы мәзірден «ҚББ» «Журналдар» бөлімін таңдап, ашылған бетте «Тақырыптық жоспарлау» қойындысын ашып, оң жақтағы  батырмасын басу қажет.

Қадам 1. Деректер көзі

Күнтізбелік жоспарлаудың бұл кезеңінде бастапқы деректері бар файлды таңдау қажет. Бұл үшін «Файлды таңдау» батырмасын басып, алдын-ала дайындалған файлды қосу қажет. Әрі қарай файлдың бірінші жолының мазмұнын көрсету қажет: бағандар атауы немесе деректер, сосын «Әрі қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 2. Параметрлер

Ашылған бетте сабақ жоспарының параметрлерін көрсету керек:

  • оқу жылы;
  • бірлестік;
  • курс;
  • топ;
  • топша;
  • пән;
  • оқу кезеңі.

Әрі қарай, бағандардың сәйкестігін көрсетіп, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 3. Деректерді тексеру

Нәтижелерді алдын-ала тексеру, импортталатын файл деректерінің дұрыстығын көрсетеді.

Деректерді тексеру барысында жүйе тақырыптық жоспарлау ұяшықтарында импорттау кезінде қандай деректер бар екендігі туралы хабарлайды. Жүйе сабақтың және үй тапсырмасының бар тақырыбын ауыстыра алады және бастапқыда көрсетілген мәндерді қалдыра алады. Сабақ жоспарының әр жолына қатысты әрекетті таңдауға болады: импорттау немесе импорттамау.

Қажетті іс-әрекеттерді таңдаған соң, «Импорттау» батырмасын басу қажет.

Егер алдын-ала тексеру сәтті өтсе, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 4. Импорттау

Жүйе импорттау нәтижелері бар бетті ашады. Тағы бір файлды импорттау қажеттілігі туындаса «Жаңа импорттауды бастау» батырмасына басу қажет.

Was this article helpful?
5 out of 7 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.