Қосымша білім беру - адамның зияткерлік, рухани-адамгершілік, физикалық және (немесе) кәсіптік жетілдірудегі білім беру қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған және білім беру деңгейінің жоғарылауымен қатар жүрмейтін білім беру түрі.
Балаларға қосымша білім беру ұйымына мектептер мынадай белсенділік санатын енгізеді:
- үйірмелер;
- факультативтер;
- негізгі журналда жүргізу үшін міндетті пәндерден басқа, ауыспалы компонент сабақтарының барлық түрлері:
- «Зайырлылық және дінтану негіздері»;
- «Абайтану».
Ескерту: ақпарат жоғарыда аталған пәндер оқытылатын мектептерге арналған.
Kundelik.kz жүйесі қосымша білім беру ұйымын құру мүмкіндігін қарастырады.
Ұйымды құру үшін, мектеп әкімшісі атқаратын іс-әрекеттер:
- «Мектепке әкімшілік ету» батырмасына басу;
- «Қосымша білім беру» бөлімінде «Жасау» батырмасына басу;
- «Жасау» батырмасын басу арқылы әрекетті растау қажет (әрекет қайтымсыз).
ҚББ жасау үшін төрт қадам қарастырылған ұйымды баптау шебері ашылады.
Қадам 1. ҚББ-ның қысқаша атауы.
Жалпы ақпарат ұйымның қысқаша атауын енгізуді қарастырады.
ҚББ-ның қысқаша атауы - бұл ҚББ ұйымының негізгі бетінде көрсетілетін және басқарушы ұйымның есептерінде жазылатын мектептегі қосымша ұйымның атауы.
ҚББ ұйымының атауының мысалы: «№1 мектеп-гимназиядағы ҚББ».
Ескерту: ҚББ ұйымын құру кезінде директордың парақшасы автоматты түрде ҚББ-ға жазылады. Болашақта оны бөлек енгізудің қажеті жоқ.
Қадам 2. Ғимараттар мен кабинеттер.
Қосымша білім беру бір негізгі мектеп шеңберінде жүргізілетіндіктен, негізгі мектептің электрондық журналына бұрын қосылған ғимараттар мен кабинеттер автоматты түрде ҚББ-ға ауыстырылатын болады.
Қадамды аяқтау үшін «Әрі қарай» батырмасын басу керек.
Қадам 3. Бөлімшелер.
Бөлімшелер - бұл ұйымда оқытылатын мамандықтар немесе бағыттар.
Егер мектепте қосымша білім ретінде мамандық немесе бағыт бойынша бөлінуі қажет сабақтар жүргізілсе, бұл ақпаратты ҚББ-да көрсету қажет.
Бөлімнің қысқаша және толық атауын енгізу, содан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Ескерту: оқу тобын құру процесінде жүйе топ үшін бөлімшені таңдауды сұрайды, тиісінше бөлімшелерді құру оқу тобын құрғанға дейін жүзеге асырылады.
Қадам 4. Пәндер.
ҚББ ұйымында жүйе мектептердегі қосымша білім беру ерекшеліктеріне байланысты пәндердің дайын тізімін ұсынбайды. ҚББ құруды аяқтау үшін ҚББ-да орындалатын бір пәнді қосу жеткілікті.
Бөлімнің қысқаша және толық атауын енгізу, содан кейін «Сақтау» батырмасына басу қажет.
Ескерту: болашақта ҚББ әкімшісі ұйымдағы пәндер тізімін басқара алады (жояды, жаңаларын қоса алады).
Тіркеудің барлық қадамдарынан өткеннен кейін жүйе мектеп жанындағы ҚББ ұйымдастыруды белсендіреді.
Тіркеу қадамдарын аяқтаған қызметкер автоматты түрде ҚББ әкімшісі болады.
Егер мектепте бірнеше әкімшілер болса, оларды ҚББ ұйымына қосу қажет болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.