Қоңыраулар кестесін құруға және өзгертуге келесі қызметкерлердің құқықтары бар:
- «Кесте» блогына толық қол жетімді редактор;
- әкімші.
Kundelik.kz жүйесінде «Қоңыраулар кестесін» құру үшін қажет:
- «Әкімшілік» бөліміне өту;
- «Кесте» блогында «Қоңыраулар» таңдау;
- оң жақ жоғарғы бұрышта
батырманы басу;
- «Кесте атауын» енгізу;
- келесі параметрлерді көрсету:
- Сабақтардың белгіленуі - кестені қай сабақтан бастау керектігін көрсету үшін қолданылады.
- Қоңыраулар кестесінің типі - кесте түрін таңдау үшін қолданылады.
- сабақтың басталу және аяқталу уақытын белгілеу - қоңырау уақытын көрсетер кезде, міндетті түрде сабақ ретінің жанына құсбелгісін қою қажет. Егерде, құс белгі қойылмаса, сабақтың басталған және аяқталған уақыты кестеде көрінбейді;
- «Сақтау» батырмасын басу.
Ескерту: егер сынып қоңырау кестесін өзгертсе, сынып параметрлерінде тек бір кестені көрсетуге болады. Сыныптағы қоңыраулар кестесін өзгерткен кезде, ол осы сыныптың барлық 4 тоқсанында өзгереді.
Кесте жасалғаннан кейін оны жариялау керек.
Ол үшін:
- құрылған қоңырау кестесін ашу;
- «Жариялау» батырмасын басу.
Егер қоңырау кестесі жарияланбаған болса, онда ол сынып параметрлерінде таңдау кезінде көрсетілмейді.
Қоңырау кестесінің қандай түрлері бар
Қоңырау кестесінің бірнеше түрі бар:
- Кесте толық апта үшін бірдей - оқу жылы ішінде сабақтар бір уақытта басталып және аяқталатын кестенің стандартты түрі;
- Жұмыс және демалыс күндерінде әр түрлі және күн сайын әр түрлі кесте түрлері демалыс күндерін қоса, апта бойы оқитын мектептерге арналған. Мысалы: мектеп-интернаттар.
Қоңырау кестесін сыныпқа қалай байланыстыруға болады?
Қоңыраулар кестесін жариялағаннан кейін оны сыныпқа бекіту керек, ол үшін:
- «Әкімшілік ету» блогына өту;
- «Сыныптар тізімі» және сыныпты таңдау;
- «Өңдеу» батырмасына басу;
- ашылмалы тізімнен қажетті қоңырау кестесін таңдау;
- «Сақтау» батырмасына басу.
Сабақ кестесінде сабақ пен қоңырау уақыты қалай көрсетіледі?
Сабақ уақыты мен қоңырауларды сыныптың сабақ кестесінен көруге болады.
Қоңырау кестесін қалай жоюға болады?
Қоңырау кестесін жою үшін осы кестені сыныптан алып тастау керек, содан кейін:
- «Әкімшілік ету» бөлімінде, «Қоңыраулар» блогын ашу;
- тізімнен жою керек қоңыраулар кестесін таңдау;
- жоғарғы оң жақ бұрыштағы
батырмасын басып, қалқымалы терезеде растау қажет.
Comments
Please sign in to leave a comment.