Сынып сағатын қалай қосуға болады?

Сынып сағаты - бұл оқушылардың қоршаған әлемге деген қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін сыныптағы тәрбие жұмысының бір түрі. Бұл сынып жетекшісі мен оның оқушыларының қарым-қатынас формасы, оны ұйымдастыруда басты рөлді мұғалім атқарады.

Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу

Сабақты өткізудің негізгі қағидалары:

  • «Сынып сағаты» апта сайын өткізіледі және жалпы мектеп кестесіне енгізіледі.

Пәнді кестеге «Сабақтарды түрлендіргіш» арқылы немесе бұрыннан құрылған сынып кестесіне енгізуге болады.

«Сынып сағаты» пәнін «Сабақтарды түрлендіргіш» арқылы кестеге қосу үшін:

  • «Мектеп» - «Кесте» бөліміне өту;
  • сыныпты таңдау;
  • «Сабақтарды түрлендіргіш» батырмасына басу;
  • «Кестенің жаңа сұлбасы» батырмасына басу;
  • кесте сұлбасының атауын енгізіп, «Жасау» батырмасын басу. Апта бойынша кесте сұлбасы бар парақша ашылады;
  • сабақ ұяшығындағы «+» батырмасына басу;
  • «Сынып сағаты» пәнін көрсету;
  • сабаққа «Кім қатысады» дегенді көрсету;
  • мұғалімді тағайындау;
  • өзгерістерді сақтау қажет.

Егер кесте алдын-ала құрылған болса, онда барлық өзгерістер «Толық кезең бойынша кесте» батырмасы арқылы кестеге енгізіледі. Бұл жағдайда «Сынып сағатын» 0 сабаққа қою қажет. Егер кестеде 0 сабағы бар ұяшықтары болмаса, оларды қосу үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • «Әкімшілік ету» - «Сыныптар тізімі» бөліміне өту;
  • қажетті сыныпты таңдау;
  • «Өңдеу» қойындысына басу;
  • «Сабақтардың белгіленуі» жолында «Кестедегі сабақтардың нөлдік нөмірлерін қосу» таңдау;

  • өзгерістерді сақтау қажет.

Әрі қарай, сабақты кестеге қосу үшін:

  • «Мектеп» - «Кесте» бөліміне өту;
  • сыныпты таңдау;
  • «Толық кезең бойынша кесте» сілтемесіне басу;
  • кестедегі бос ұяшыққа тіңтәуірді апарып, пайда болған «+» белгісіне басу;
  • «Жаңа сабақ жасау» қалқымалы терезесінде «Сынып сағаты» пәнін көрсету;
  • «Кім қатысады» жолын көрсету;
  • мұғалімді таңдау;
  • өзгерістерді сақтау қажет.

Назар аударыңыз! «Сынып сағаты» пәні бағаланбайтындықтан, қойылмаған Формативті белгілер негізінде қалыптасатын «Журналды уақытылы жүргізу» есебінде  «-» (сызықша) шағатын болады. Бұл сызықша белгілі бір кезеңдегі пән бойынша бағалардың жоқтығын көрсетеді. Бірақ бұл белгі мектептің жалпы көрсеткіштеріне әсерін тигізбейді.

Журналда «Күнтізбелік жоспарлауды» толтыру барысында өткізілетін сабақтардың тақырыптарын көрсету қажет.

Үй тапсырмасын беруге талап жоқ болғандықтан, ол мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

Was this article helpful?
13 out of 15 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.