«Мұғалімдер: аптасындағы кірулер», «Оқушылар: аптасындағы кірулер», «Ата-аналар: аптасындағы кірулер» блоктары

Бұл блоктар бір апта ішінде жүйеге кірген пайдаланушылардың санын анықтауға көмектеседі.

Ескерту: деректер қорындағы ақпарат жүйенің барлық пайдаланушыларының, белсенді емес тұлғаларды қоса алғанда, саны негізінде қалыптастырылады.

«Мұғалімдер: аптасындағы кірулер», «Оқушылар: аптасындағы кірулер», «Ата-аналар: аптасындағы кірулер» блоктары келесі ақпаратты қамтиды: 

  • көрсеткіштің атауы;
  • қажетті көрсеткішке қол жеткізген мектептердің %-ы ;
  • талаптарды орындамаған мектептер саны .
  • таңдалған көрсеткіштің өзгеру динамикасының графигі ( басқан кезде).

Көрсеткішті есептеу формуласы:

Пайдаланушы (рөлі): аптасындағы кірулер: = пайдаланушының кіруі (рөлі) / Пайдаланушылардың саны (рөлі) * 100

Көрсеткіштер жеке блоктармен келесі санаттарға бөлінеді:

«Мұғалімдер: аптасындағы кірулер» - таңдалған апта ішінде кем дегенде бір рет жүйеге кірген қызметкерлердің саны ескеріледі:

«Оқушылар: аптасындағы кірулер» - таңдалған апта ішінде кем дегенде бір рет жүйеге кірген оқушылардың саны ескеріледі:

«Ата-аналар: аптасындағы кірулер» - таңдалған апта ішінде кем дегенде бір рет жүйеге кірген ата-аналардың саны ескеріледі:

Көрсеткіштердің шегі келесі кестеде көрсетілген:


Білім беру мекемесінің шеңберінде (Мектеп)

Басқару мекемесінің шеңберінде (Бөлім, Басқарма, ҚР ОАМ)
Көрсеткіштің атауы Төмен санат Орташа санат Жоғары санат Төмен санат Орташа санат Жоғары санат
Мұғалімдер: аптасындағы кірулер 0-69 70-89 90-100 0-69 70-89 90-100
Оқушылар: аптасындағы кірулер 0-19 20-59 60-100 0-19 20-59 60-100
Ата-аналар: аптасындағы кірулер 0-19 20-59 60-100 0-19 20-59 60-100

Көрсеткіштер «Мектептердің белсенділігі» блогына әсер етпейді.

Was this article helpful?
5 out of 6 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.