«Мектептердің белсенділігі» блогы

Мектептердің белсенділігі - Қазақстан Республикасының барлық мектептерінің ЭЖК (электронды журнал, күнделік) жұмыс белсенділігін бақылау интегралдық көрсеткіші.

Көрсеткішті орындау шегі: 

  • мектептер үшін кем дегенде 80%;
  • басқарушы мекемелер үшін кем дегенде 80%.

Көрсеткішті мектеп / аудан / облыс деңгейінде орындау үшін мектеп көрсеткіштерінің барлық блоктары көрсеткіштерді орындау шеңберінде болуы тиіс, яғни әрбір көрсеткіштің шегі еңсерілуі тиіс.

«Мектептердің белсенділігі» көрсеткішіне әсер етеді:



Блоктың атауы

мектеп үшін % шегі

басқарушы ұ. үшін % шегі Көрсеткішті орындау
1
«Мұғалімдер»: белсендіруі
90% 90% Жаңа парақшаларды белсендіру
2
«Оқушылар»: белсендіруі
80% 80% Жаңа парақшаларды белсендіру
3
«Ата-аналардың қатысуы»
50% 70% Мектептегі ата-ана парақшаларының саны
4
«ББМ Кестенің толықтығы»
90% 90% Әр сыныпта аптасына кемінде 8 сабақ
5
«Сабақтарды жоспарлау»

90%

90%

Күнтізбелік жоспарлаудағы тақырып немесе ҮТ

6

 

«Журналдарды уақытылы жүргізу»

60% 60%

Сабақ өтетін күні немесе ертең сағат 13:00 дейін ФБ қойылуы

7

 

«ҮТ уақытылы толтыруы»

60%

60%

Келесі сабаққа ҮТ бүгін немесе ертең 13:00 дейін берілуі

8

«ҚМЖ болуы»

40%

40%

ҚМЖ сілтемелерің Күнтізбелік жоспарлауға бекіту

Мысал-1: мектеп жоғарыда аталған барлық көрсеткіштерді көрсетілген деңгейде орындайды. Сонда көрсетілген ББМ үшін «Мектептердің белсенділігі» көрсеткіші мынадай болып есептеледі: 8/8, яғни 100%-ға тең болады.

Мысал-2: мектепте «ББМ Кестенің толықтығы» көрсеткіші 69% - ға тең (орындау шегі - 80%), ал «Ата-аналардың қатысуы» көрсеткіші 43% - ға тең (орындау шегі-50%), қалған 6 көрсеткіш көрсетілген деңгей шеңберінде орындалған. Сонда көрсетілген ББМ үшін «Мектептердің белсенділігі» көрсеткіші мынадай болып есептеледі: 6/8, яғни 75%-ға тең болады.

Мысал-3: мектеп ұсынылған көрсеткіштердің біреуін ғана орындайды - «Ата-аналардың қатысуы» көрсетілген деңгейге жеткен. Сонда көрсетілген ББМ үшін «Мектептердің белсенділігі» көрсеткіші мынадай болып есептеледі: 1/8, яғни 12%-ға тең болады.

Назар аударыңыз!  «Мектептердің белсенділігі» көрсеткішін есептеу келесідей жүргізіледі: 

Мектеп белсенділігі 100% = 8/8 (эл. журнал көрсеткіштері) - негізгі көрсеткіштердің әрқайсысының салмағы: 12,5%

Аудан / облыс / ел деңгейінде «Мектептердің белсенділігі» көрсеткіші бойынша жоғары санаттағы мектептердің үлесі ретінде есептеледі. Жоғары санатқа кіру үшін мектептің «Мектептердің белсенділігі» көрсеткіші кемінде 60% болуы керек.

Ескерту: блоктардың келесі түрлері «Мектептердің белсенділігі» көрсеткішіне әсер етпейді:

Қала / аудан бойынша ақпаратты қарау барысында өткен аптадағы үрдіске және фонның түс схемасына назар аудару керек.

  • Төмен (0-69%) - екі және одан да көп көрсеткіштерде талап етілетін мәнге қол жеткізбеген ББМ есепке алынады (1-6 / 8).
  • Орташа (70-79%) – бір көрсеткіште талап етілетін мәнге жетпеген ББМ есепке алынады, ал қалған көрсеткіштер бойынша мәнге қол жеткізілді (7 / 8).
  • Жоғары (80-100%) - барлық көрсеткіштер үшін қажетті мәндерге жеткен ББМ ескеріледі (8/8).

Мектепте қандай көрсеткіш орындалмағанын анықтау үшін тінтуірді мектеп атауына апару ұсынылады, содан кейін осы есептердің атаулары көрсетіледі.

Көрсеткіштер блоктары туралы толық ақпарат осы БӨЛІМДЕ сипатталған.

Was this article helpful?
8 out of 9 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.