Белсендіру: «Мұғалімдер», «Оқушылар» және «Ата-аналар»

Бұл блоктар жүйеге бұрын кірмеген және кіру үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді алмаған пайдаланушылардың санын анықтауға көмектеседі.

Егер осы санаттағы адамдар әлі кіру деректерін (пайдаланушы аты және құпиясөз) алмаған болса, онда мектеп қызметкерлері бұл деректерді жүйеден ұсынуы керек.

«Мұғалімдер», «Оқушылар» және «Ата-аналар» блоктары келесі ақпаратты қамтиды:

  • пайдаланушылар санатының атауы (жүйедегі рөлдері);
  • белсендірілген пайдаланушылардың % ;
  • белсендірілмеген пайдаланушылар саны .

Мектеп үшін көрсеткіштердің рұқсат етілген шегі:

  • «Мұғалімдер»* блогы - кем дегенде 90%;
  • «Оқушылар»* блогы - кем дегенде 90%;
  • «Ата-аналар» блогы - кем дегенде 70%.

* - көрсеткіш «Мектептердің белсенділігі» блогына әсер етеді.

Көрсеткіштердің санаттары келесі кестеде көрсетілген:


Білім беру мекемесінің шеңберінде (Мектеп)

Басқару мекемесінің шеңберінде (Бөлім, Басқарма, БҒМ)
Көрсеткіштің атауы Төмен санат Орташа санат Жоғары санат Төмен санат Орташа санат Жоғары санат
Мұғалімдер 0-79 80-89 90-100 0-79 80-89 90-100
Оқушылар 0-79 80-89 90-100 0-79 80-89 90-100
Ата-аналар 0-49 50-69 70-100 0-49 50-69 70-100

Көрсеткіш шегін еңсеру үшін мектептегі белсенді емес адамдар тіркеу рәсімінен өтуі керек.

Тұлға мен пайдаланушы арасындағы айырмашылық мақалада егжей-тегжейлі сипатталған: Тұлға дегеніміз не және неліктен пайдаланушы сұр түспен белгіленген?

Белсендірілмеген тұлғаларға пайдаланушы аты мен құпиясөзді беру үшін келесі мақаламен танысу қажет: Бастапқы кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді қалай басып шығаруға болады?

Was this article helpful?
4 out of 6 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.