Бағаларды қою және өңдеу кезеңін қалай орнатуға болады?

Бағаларды өңдеу кезеңін: 

  • сабақтың өту күнінен бастап қою керек, егер сабақтағы жұмыс үшін баға қойылса;
  • үй тапсырмасының берілу күнінен бастап қою керек, егер ҮТ үшін баға қойылса.

Ескерту: Бұл шектеулер бағаларды өңдеу кезеңіне де, оларды қою кезеңіне де қатысты. 

Мысалы: мекемеде бағаларды өңдеу кезеңі - 1 апта. Бұл дегеніміз, 10 қыркүйек күні, 2 қыркүйек күні өткен сабақ үшін бағаны қоюға болмайды.

Бағаларды қою / өңдеу кезеңін қосу / өшіру үшін: 

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
  • «Баға түрлері» батырмасына басу;
  • «Қосымша параметрлер» қойындысында, қажетті кезеңді таңдау;
  • өзгертулерді сақтау. 

Назар аударыңыз! Бұл параметрді тек мектеп әкімшісі қосады / өшіре алады.

Егер «Қосымша параметрлер» қойындысында бағаларды орнату және өңдеу кезеңін «шектелмеген» етіп орнатылса, белгі қою ұяшықтары өзгертуге қолжетімді болады.

Параметрлерде көрсетілген кезеңнен кейін барлық оқушының бағасын қою / өңдеу / жою мүмкіндігі бар беттердің ұяшықтары (яғни, белгілеу ұяшықтары толтыруды сұр түске ауыстырады және белсенді болмайды), бұғатталады.

Келесі беттерде баға қою үшін ұяшықтар бұғатталады:

  • «Пән журналы»;
  • «Сабақ парақшасы»;

Ескерту: көрсетілген баға қою және өңдеу кезеңіне қарамастан, келесі пайдаланушы санаттары бұғатталған ұяшықтарға өзгерістер енгізе алады:

  • әкімші;
  • «ҮТ және бағалар» толық қолжетімділігі бар редактор.

Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері тек белгіленген өңдеу кезеңінде ғана бағаларды орнатып, өңдей алады. 

 Қатысу туралы белгілерін қоюға арналған ұяшықтар сонымен қатар белгілерді орнату және өңдеу кезеңінің параметрлеріне байланысты бұғатталады.

Бағалауды өңдеу кезеңі бағалау түріне де байланысты:

  • Сабақтағы жұмыс (ФБ) - жұмыс тағайындалған сабақтың күні таңдалады. 
  • Қорытындылар:
    • тоқсан бойынша бағалау - басталу күнге тоқсанның соңғы күні алынады; 
    • жартыжыл бойынша бағалау - басталу күнге 1 немесе 2 жартыжылдың соңғы күні алынады; 
    • жылдық, емтихан, қорытынды - басталу күнге соңғы есептік кезеңнің соңғы күні алынады (мысалы, 4 тоқсанның немесе 2 жартыжылдың сонғы күні); 
  • Максималды балл және БЖБ / ТЖБ максималды баллы - басталу күнге соңғы есептік кезеңнің соңғы күні алынады (мысалы, 4 тоқсанның немесе 2 жартыжылдың сонғы күні).

Бағаны өзгертуге арналған түсініктемелер

Қажет болған жағдайда, әкімші мұғалімнің журналда бағаны өңдеу кезінде түсініктеме енгізу талабын белгілей алады.

Ол үшін, әкімшіге келесі іс-әрекеттерді орындау қажет: 

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
  • «Баға түрлері» батырмасына басу;
  • «Бағаны ауыстыру кезінде түсініктемені міндетті түрде жазу керек» - құс белгісін қою;

  • өзгертулерді сақтау. 

Параметрді орнатқаннан кейін, барлық бағалар үшін түсініктеме талап етіледі, соның ішінде БЖБ / ТЖБ үшін максималды балл.

Ескерту: түсініктеме «Өзгертулер тарихы: Журнал» есебінде пайда болады.

Was this article helpful?
13 out of 15 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.