Критериалды бағалаудың келесі функциялары бар:
- Excel-ге журналды экспорттау (журналға қолжетімділігі бар қызметкерлерде, осы функцияға қолжетімділігі бар);
- журналды басып шығару (журналға қолжетімділігі бар қызметкерлерде, осы функцияға қолжетімділігі бар);
- күнтізбелік жоспарлауға өту;
- журналды толтыру бойынша ескертпеге өту.
Журналды Excel-ге экспорттау
Журналды экспорттау үшін журналдың жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені басу қажет. Келесі деректер қалыптасады:
- таңдалған тоқсандағы журнал торы;
- оқушылар тізімі;
- қойылған Формативті бағалаулар;
- БЖБ/ТЖБ баллдары;
- қойылған қорытынды бағалар.
Журналды басып шығару
Журналды басып шығару үшін журналдың жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені басу керек.
Ескерту: бұл журналдың толық нұсқасын басып шығару емес.
Келесі деректер қалыптасады:
- басып шығаруға арналған мәліметтер бар А4 форматындағы бет;
- оқушылар тізімі;
- БЖБ/ТЖБ баллдары;
- қойылған қорытынды бағалар.
Формативтік бағалаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығы негізінде журналдың баспа нұсқасында көрсетілмейді:
6. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.
Comments
Please sign in to leave a comment.