Динамикалық БЖБ және ТЖБ

Kundelik.kz жүйесінде динамикалық БЖБ және ТЖБ функционалдылығы іске асырылды. 

Функционалдылық критериалды бағалау журналында тексеру жұмыстарының бағандарын қосуды / алып тастауды қамтиды.

Функционалдылық жұмыс істеу үшін журналда келесі ережелер сақталуы тиіс: 

  • сынып баптауларында журнал түрі - жиынтық бағалау журналы;
  • сынып ағымдағы оқу жылында (2023-2024) оқиды.

Критериалды журналға өзгерістер енгізе алады:

  • кестеде тағайындалған мұғалімдер;
  • мектеп әкімшілері;
  • «ҮТ және бағалар» блогына толық қолжетімділігі бар редакторлар

Әрбір тексеру жұмысы үшін бөлек баған көрсетіледі.

Бағандарды қосу

БЖБ және ТЖБ бағандарын қосу үшін пән бойынша журналда «БЖБ/ТЖБ қосу» түймесін қолдану керек.

Журналға қосуға болатын бөлім бойынша жиынтық жұмыстардың (БЖБ) ең көп саны - 3. Әйтпесе, журнал келесі қатені көрсетеді:

Журналға қосуға болатын тоқсан бойынша жиынтық жұмыстардың (ТЖБ) ең көп саны - 1. Әйтпесе, журнал келесі қатені көрсетеді:

Егер пән бойынша 1 БЖБ ғана жүргізілсе, онда пән бойынша журналда БЖБ-ның бір ғана бағаны қосылады, егер пән бойынша БЖБ-ның көп саны жүргізілсе, онда журналда бағандардың тиісті саны көзделуі тиіс.

Бұл ереже тоқсан ішінде бағаланатын барлық пәндер үшін жарамды.

Тексеру жұмыстарын жүргізбестен бос бағандарды қосуға болмайды.

Ескерту: кездейсоқ жағдайда БЖБ бағаны жойылса, жоғарыда жазылған әдіспен бағанды қосуға болады. 

Бағандарды жою

БЖБ / ТЖБ бағандарын жою үшін пән бойынша журналда батырмасын қолдану қажет. 

Егер балл кем дегенде бір оқушыға қойылса, бағандарды жою мүмкін болмайды. Біріншіден, барлық оқушылардың баллдарын қолмен жойып шығып, содан кейін ғана БЖБ / ТЖБ бағандарды жою мүмкіндігі пайда болады. Әйтпесе, журнал келесі қатені көрсетеді:

Егер пән бойынша журналда 1 БЖБ және 1 ТЖБ бағандары бар болса, онда ТЖБ бағанын жою мүмкін емес. Ең алдымен, БЖБ бағанын алып тастау қажет. Әйтпесе, журнал келесі қатені көрсетеді:

Was this article helpful?
19 out of 21 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.