Бағалар жоғалған жағдайда не істеуге болады?

Журналдағы бағалардың жоғалу себептері

Журналдағы бағалардың жоғалу бірнеше себептері бар.

Себеп 1: Журналда бағалардың әдейі немесе кездейсоқ жағдаймен әкімшімен немесе пән мұғалімімен қолмен жойып шығуы.

Шешімі: Бұл әрекеттерді «Өзгертулер тарихы: Журнал» есебінен тексеруге болады.

«Өзгертулер тарихы: Журнал» есебінде таңдалған сыныптың жиынтық және классикалық журналында белгілі оқу кезеңінде жасалынған барлық әрекеттер жазылады.

Есеп анық болу үшін есептің әрбір жолы түрлі түске боялған:

  • жасыл – баға туралы ақпарат қосылды;
  • сары – ақпарат өзгертілді;
  • қызыл – ақпарат жойылды.

Себеп 2: Әдейі немесе кездейсоқ жағдаймен әкімшімен кесте жою әрекеті болды.

Кесте жою барысында, жойылған сабақтармен байланысты ақпарат (бағалар, үй тапсырмалар және күнтізбелік жоспарлау), автоматты түрде жойылады.

Шешімі: Жүйеде сабақты кестеден жою фактісін қадағалау мүмкін емес. Мектептегі әкімшілер санын бақылау және олардың парақшаларына кіру деректерін таратпау ұсынылады.

Kundelik компаниясы енгізілген оқу ақпараты шеңберінде мектеп әкімшілері қабылдаған іс-әрекеттер үшін жауап бермейді, өйткені тек мектеп қызметкерлері мектеп деректерінің авторлары болып табылады.

Себеп 3: Бағаны қою барысында Internet Explorer браузерінің 10.0 немесе одан ерте нұсқаулары пайдаланылды.

Браузердің дұрыс емес жұмысынан, енгізілген ақпарат сақталмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда парақшаны жаңартқаннан кейін бағалар жоғалады.

Шешімі: Басқа браузер арқылы жұмыс жасау ұсынылады (жұмыс барысында келесі браузерлер ұсынылады және ағымдағы браузердің соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет).

Бірнеше қарапайым қауіпсіздік ережелері

Ереже 1: бірнеше қызметкерлерге әкімші құқықтарын беру ұсынылмайды.

Әкімшілік құқықтары бар 2-3 қызметкер барлық жұмыс көлемін орындай алады, ал олардың санының ұлғаюы деректердің кездейсоқ немесе білместен жойылуына әкеліп соқтырады.

Ереже 2: қызметкерлер күрделі құпиясөзді пайдалануы тиіс және оны ешкімге таратпауы қажет, компьютердің қасынан кетіп қалған жағдайда тіркеу жазылымынан шығуы қажет. Себебі мұғалім парақшасына және журналға қолжетімділікті оқушылар алуы мұмкін.

Ереже 3: Аптасына 1 реттен кем емес, журналдар мен күнтізбелік жоспарлаудың резервтік көшірмесін жасау. Резевтік көшірме – оқу үлгерімі туралы жоғалған деректерді қалпына келтіру кепілі.

Егер өздігінен деректердің жоғалу себебі табылмаса, онда қолдау қызметіне жазу қажет болады. Хатта мәселені толықтырып жазып, келесі деректерді жазып шығу қажет болады:

  • облыс/аудан/елді мекен/мектептің атауы;
  • жоғалған бағалар туралы ақпарат:
    • бағалар жоғалған сынып және пән (немесе қажетті журналға сілтеме);
    • егер бағалар тек қана бірнеше оқушыларды жоғалса – олардың аты-жөндері;
    • жоғалған бағалардың типі: ағымдағы немесе қорытынды;
    • қорытынды бағалар қойылған күні(дер);
    • бағалар қойылған сабақтың күні(дер);
    • баға қойған мұғалімнің аты-жөні;
    • баға қойылған парақшаның сілтемесі (журнал, сабақ парақшасы);
    • баға жоғалғанын байқаған нақты күні;
    • журнал тексеріп шығатын браузердің атауы.
Was this article helpful?
12 out of 15 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.