Мектеп қызметкеріне Бақылау парағын қалай жасауға болады?

Kundelik.kz жүйесінде сабақты тексеру, оқу нәтижелерін талдау және оқу үдерісін бақылау мақсатында әдістемелік кабинеттер мен мектептер үшін Бақылау парағы жобасы іске асырылды.

Бақылау парағына жауапты қызметкерді тағайындау

Бақылау парағына жауапты қызметкерді мектеп әкімшісі тағайындайды. Ол үшін келесі қадамдарды орындауы қажет:

  • «Мектеп» → «Менің мектебім» бөлімінде «Адамдар» қойындысын ашу;
  • қажетті қызметкерді табу;
  • қызметкердің аты-жөнінің жанындағы «Өңдеу» батырмасын басу;
  • «Қосымша құқықтар» бөлімінде «Бақылау парақтарымен жұмыс (бақылаушы)» санатын құсбелгімен белгілеу және өзгерістерді сақтау. 

Бақылау парағын қалай қосуға болады?

Бақылау парағын жасау үшін Бақылау парағына жауапты қызметкерге келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп» бөліміне өту;
  • «Мектептің бақылау парақтары» қойындысын ашу;

  • оң жақтағы «Бақылау парағын жасау» батырмасын басу;

  • ашылған парақшадағы параметрлерді толтыру:
    • мұғалімнің ТАӘ;
    • сынып;
    • пән;
    • бақылау күні;
    • сабақтың тақырыбы;

    • «Бағалау критерийлері» кестесіне өту;
    • әр критерий бойынша тиісті деңгейді таңдау;
    • жалпы пікір беру, оған ескертулерді, ұсыныстарды және қорытындыларды енгізу;
    • «Жасау» батырмасын басу қажет.

  Педагогті бақылау парағының мәтіні ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің № 83 бұйрығымен белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес ресімделген.

Бақылау парағының мәтінін өңдеу үшін бақылау парағының жанындағы screenshotбасу қажет. Егер бақылау парағын жою қажет болса, screenshot белгісіне басу керек.

Бақылау парағының файлы мұғалімге өз жұмысын бағалау критерийлерімен танысу үшін жүктеуге қол жетімді болады.

Бақылау парағы бойынша есептері

Есептер парақшасына өту үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • бас мәзірден «Мектеп» → «Есептер» бөліміне өту;
  • есептер тізімінде Әкімшілік - «Бақылау парақтары» батырмасына басу;
  • оқу жылын таңдап, уақыт аралығын жазу;
  • «Есепті құрастыру» батырмасын басу.

Есепте бақылау парағы берген методисттердің тізімі, сондай-ақ таңдалған мектеп шеңберінде берілген мұғалімнің бақылау парағын қарау күйі көрсетіледі:

Was this article helpful?
3 out of 3 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.