ҚББ-да оқушының парақшасымен келесі операцияларды жүзеге асыруға болады:
- басқа топқа ауыстыру;
- парақшаны ұйымнан шығару;
- мұрағаттан парақшаны қалпына келтіру;
- жылдың соңында келесі топқа ауыстыру.
Барлық осы әрекеттер пайдаланушының көшуіне әсер етеді.
Оқушыны басқа топқа ауыстыру
Оқушыны басқа топқа ауыстыру үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Топтар» блогында «Топтар тізімі» пунктін таңдау;
- қажетті топты ашу;
- «Оқушылар» қойындысына өтіп, тізімнен қажетті оқушының аты-жөніне немесе оның «қарандаш» белгісіне басу;
- ашылған бетте «Басқа топқа ауыстыру» батырмасына басу;
- оқу жылын және топты таңдау (қажет болған жағдайда Бұйрық туралы ақпаратты көрсету);
- «Әрі қарай» және «Ауыстыру» батырмасына басу.
Ескертпе: оқушының топқа қосылған күні автоматты түрде ағымдағы күнмен қойылады. Қажет болған жағдайда, топқа қосылған күнін мектептің негізгі жүйесі арқылы оқушының жеке парақашасының параметрлерінен түзетуге болады.
Оқушыны ұйымнан шығару
Оқушыны ұйымнан шығару үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Топтар» блогында «Топтар тізімі» пунктін таңдау;
- қажетті топты ашу;
- «Оқушылар» қойындысына өтіп, тізімнен қажетті оқушының Аты-жөніне немесе оның «қарандаш» белгісіне басу;
- ашылған бетте «Ұйымнан шығару» батырмасына басу;
Назар аударыңыз! Оқушы толықтай ҚББ-дан, яғни мүшелігі бар барлық топтардан шығарылатын болады. Оқушыны тек бір топтан ғана шығару осы топтың парқашасындағы «Қарап шығу» қойындысынан жүзеге асырылады.
- ұйымнан шығу себебін көрсету (қажет болған жағдайда Бұйрық туралы ақпаратты көрсету);
- «Әрі қарай» және «Иә, шығару!» батырмасына басу.
Ескерту: оқушыны ұйымнан шығарғаннан кейін, ол журналда оқу жылының соңына дейін «Кеткендер келесіге» блогында көрсетіледі.
Оқушыны мұрағаттан қалпына келтіру
Егер қатысушы қайтадан ББМ (әрі қарай - Білім беру мекемесі) білім беру процесінің қатысушысы болса, онда «Пайдаланушы / тұлғаны қалпына келтіру» процесі пайдаланушыны немесе тұлғаны «Мұрағаттан» қалпына келтіретін мүмкіндігі пайда болады.
Оқушыны қалпына келтіру үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар» блогындағы «Адамдар тізімі» тармағына басу;
- «Адамдарды іздеу» ашылған парақшасында «Мұрағат» қойындысына өткенде, қалпына келтіретін тұлға / пайдаланушыны қажетті баптауларды іздестіру терезесіне енгізіп, табу қажет;
- өңдеу режиміне өту үшін аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан «қарындаш» белгішесінің үстіне басып, «Қарап шығу» қойындысына өту арқылы, «Қалпына келтіру» батырмасын басу қажет.
Қызметкер үшін мектептегі рөлі таңдалады:
Оқушы үшін оқу жылы және топтың атауы (қажет болған жағдайда Бұйрық туралы ақпарат) енгізіледі:
- «Әрі қарай» батырмасына басу;
- деректерді тексеріп, «Қалпына келтіру!» батырмасына басу қажет.
Оқу жылының соңында келесі топқа ауыстыру
Назар аударыңыз! «Күнделік» Жүйесінде жаңа оқу жылына көшу - 1 тамыз айында. Тамыз айына дейін топтарды жаңа оқу жылына ауыстыру ұсынылмайды, себебі жазғы кезең ішінде оқушылар мектептен мектепке ауысатын болады және оқушыларды мектептен шығаруды топ жаңа оқу жылына ауыстырылғанға дейін жүзеге асыру қажет.
Топты келесі оқу жылына және бітіргізіп шығару / «Мұрағатқа» ауыстыру батырмалары топ туралы мәліметтер бар парақшада жеке блокта орналасқан.
Топ мәліметтерін өңдеу, оны шығару және келесі оқу жылына ауыстыру мүмкіндігі Әкімші және «Топ» блогына толық қолжетімділігі бар редакторда ғана бар.
Осылайша, білім беру ұйымының қызметкеріне келесі мүмкіндіктер қолжетімді:
- топты жаңа оқу жылына толығымен және оқушыларды іріктеу арқылы өткізу;
- топты шығару / «Мұрағатқа» өткізу;
- топты жою.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін барлық топтар:
- шығарылады / «Мұрағатқа» өткізіледі;
- келесі оқу жылына ауыстырылады.
Топ мұрағатқа өтсе немесе жаңа оқу жылына ауыстырылса, бұл әрекет топтар тізімінде көрініп тұрады және топтар тізімінің парақшасында арнаулы түспен боялады:
- қара түспен – жаңа оқу жылына ауыстырылған топтар;
- сұр түспен – «Мұрағатқа» ауыстырылған топтар;
- көк түспен – жаңа оқу жылына да, «Мұрағатқа» да ауыстырылмаған топтар.
Топты толық құрамында жаңа оқу жылына ауыстыру үшін:
- «Қарап шығу» қойындысына өту;
- топтың ашылған парақшасында «2021 / 2022 жылына ауыстыру» батырмасын басу;
- топты және курсты таңдау (қажет болған жағдайда Бұйрық туралы ақпарат көрсетіледі);
- «Әрі қарай» батырмасын басу;
- деректерді тексеріп «Ауыстыру» батырмасына басу.
Оқушының көшу туралы деректерін өңдеу
Аталып өтілгендей, оқушыны ҚББ бөліміне қабылдау кезінде, топқа қабылдау күні автоматты түрде ағымдағы күнмен қойылады. Қажет болған жағдайда, топқа қосылу күнін келесі әрекеттердің көмегімен түзетуге болады:
- «Мектеп» - «Менің мектебім» - «Әкімшілік ету» қойындысына өту;
- «Сыныптар» блогындағы «Сыныптар тізімі» пунктін таңдау;
- «Оқушылар» қойындысына өтіп, тізімнен қажетті оқушының Аты-жөніне немесе оның «қарандаш» белгісіне басу;
- ашылған бетте «Көшу» қойындысына өту.
ҚББ блогында оқушының мүшелігі бар барлық топтар көрсетіледі. Оқушының топтағы мүшелігінің басталу күнін өзгерту үшін сол жақ бағандағы мүшеліктің басталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе оны қолмен енгізу арқылы күнді өзгерту қажет.
Оқушының топтағы мүшелігінің аяқталу күнін өзгерту үшін тағы да оң жақ бағандағы мүшеліктің аяқталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе күнді қолмен енгізу арқылы өзгерту қажет.
Ескерту: топтағы мүшеліктің аяқталу күні сол топтағы мүшеліктің басталу күнінен бұрын болмауы тиіс.
Comments
Please sign in to leave a comment.